Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасы енді ауданаралық деңгейде қызмет көрсетуге көшеді

Бұл жөнінде ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге бірқатар денсаулық және білім нысандарында болып, жұмыстарымен танысу барысында сөз болды.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 2009 жылы пайдалануға берілген. 285 төсек орны бар. Оның ішінде травматология, хирургия, инсульт, перзентхана, оңалту бөлімі қажетті төсек орындарымен қамтылған. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру 82%-ды құрап отыр. Ересектер мен балаларға тәулік бойы мамандандырылған стационарлық және медициналық көмектер көрсетіп, зертханалық диагностикалар жасалады. 400 қызметкер жұмыс істейді. Бұл аурухана енді ауданаралық деңгейде қызмет көрсетуге көшеді. Биыл материалдық-техникалық базасы күшейтіледі. 2022 жылы құрылысы басталған Дербес ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті өткен жылы берілуі тиіс еді. Кедергілер ретке келтіріліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Газ жалғау мәселесі шешіліп жатыр. Жуырда ел игілігіне тапсырылады.

Естеріңізде болса, былтыр жыл аяғына таман Ордабасы аудандық Орталық ауруханасының емдеу базасы жаңа заманауи құрал-жабдықтармен толыққан болатын. Атап айтқанда, емдеу орталығына әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын бронхоскопиялық аппарат, транскраниалдық эхографиялық тексерулерді жүргізетін жоғары эксперттік ультрадыбыстық зерттеу аппараты (Samsung Madison HS40), өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), науқастарды тасымалдауға арналған медициналық кереуеттер жеткізіліп, пайдалануға берілді. 
Аталған аппараттармен жұмыс істеу мақсатында бірнеше дәрігер біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өткен.

Сондай-ақ, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен кездесудегі өтініші негізінде аудандық ауруханаға «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылды. Ал 3 жаңа медициналық қондырғы 2024 жылы халық игілігіне пайдалануға берілді.
Аудандық орталық ауруханасының Бас дәрігері Болатхан Сағымбековтың айтуынша, қондырғылар адам денесіндегі тамырларды зерттеп, олардың жағдайы мен жұмысын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек іссапар кезінде күрделі жөндеуді қажет ететін білім ұяларының да жағдайы баяндалды. Ақбұлақ ауылында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп салынуда. Іргетасы құйылып жатқан білім ошағы 2024 жылдың аяғында тапсырылуы тиіс. Жайлы мектептің құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң қадағалауымен жүргізілуде. Жауаптыларға құрылыс шараларын мұқият, уақытылы, сапалы орындау жүктелді.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтің сөзіне сүйенсек, жалпы, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Дәлірек айтсақ, оның ішінде 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық 2 мектеп бой көтермек.

2024 жылы пайдалануға берілетін 22 900 орындық 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы арқылы анықталған. Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Анықтама үшін егжей-тегжей түсіндіре кетейік. 2023 жылы басталған 29 мектеп мыналар:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық –   1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

Қазіргі таңда 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін «Қазақтелеком» АҚ-ы мен «Транстелеком» АҚ-ы операторларымен техникалық шарттары алынды. Жоспарлы жұмыс 2024 жылғы 1 тамызға дейін толық іске асырылады.

Ал, 2025 жылы пайдалануға берілетін 26 100 орындық 34 мектептің құрылысын іске асыру жоспарына сәйкес, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету 2025 жылғы                1 тамызға жоспарланған. Қазіргі таңда техникалық шарт негізінде жасалатын АТС-тен немесе муфтадан жайлы мектепке дейінгі жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жұмыс жобасы жүргізілуде.

«Өңір басшысының Келес ауданындағы іссапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне облыстық білім басқармасы сұраныс білдіріп, 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады» — дейді Жандос Маханбетов.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде екен. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек тоқталсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан толық өтетін болады.

Аталған жұмыстарды ұйымдастыруға қаржы қаралған.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының қызметкерлері Астана қаласында орналасқан «Binom School» мектептер желісінде де болды.

Осы ретте, жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің құрылыс жұмыстары жобалаушы және мердігер мекемелері анықталмаған. Қазіргі таңда жер телімдерін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ының атына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Нақтырақ айтсақ, 2025 ел игілігіне берілетін 34 мектеп төменде ұсынылып отыр:

— Түркістан қаласында 5 мектеп: 1200 орындық – 2 мектеп, 900 орындық – 2 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Кентау қаласында – 2 мектеп: 1200 орындық – 2 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 6 мектеп: 600 орындық – 3 мектеп; 900 орындық – 2 мектеп; 1500 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 3 мектеп;

— Қазығұрт ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 2 мектеп: 300 орындық – 2 мектеп;

— Сайрам ауданында – 2 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 3 мектеп: 900 орындық – 2 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында – 4 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 2 мектеп, 1500 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Түлкібас ауданында -2 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 2 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің ішінен қуаттылығы 600 орыннан жоғары 31 мектепті пайдалануға беру жоспарын мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде іске асыруды ұсынуда.

Облыстық білім басқармасының қызметкерлері Астана қаласында орналасқан «Қаржы орталығы» АҚ-ында болып, тиісті талқылаудар өткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов мектебі мен Шұбарсудағы Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы мектептің де жағдайымен танысты. Бюджетттен үнемделген қаражатпен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге білім басқармасына тапсырма берілді. Осы ауылда салынып жатқан «Sea bilim» білім беру мектебіне де табан тіреді. Жылдың басында ашылған бұл білім ошағының жобалық қуаты — 1780 орын. Қазір 370 оқушы білім алуда. Мұнда оқушылар мен мұғалімдерді мектепке бағыттау керектігі айтылды.

Атап өтер маңызды мәселе, ҚР Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылы 500 мыңнан астам орынға арналған 302 мектеп салу жоспарлануда.

«Жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру түрлі қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 217 мектеп, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 25 жоба, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестицияларды тарту арқылы 60 мектеп салынады», — дейді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Тек соңғы үш жылда 477 мың орындық 791 мектеп пайдалануға берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin