Бұл жөнінде Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Мәжілісте аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелер, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жағдайы және БАҚ-на жарияланған сыни материалдар, жер саласындағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер бойынша 3 бөлімнің баяндамасы тыңдалды.
Әуелі аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды айтып өтті. Негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша биылға 4094,0 миллион теңге жоспарланып, жоспарды орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Қазіргі таңда 6 жоба жүзеге асырылып, 1388,0 миллион теңге инвестиция тартылып, 15 жұмыс орны ашылған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, ауданға өткен жылы 13,9 миллиард теңге инвестиция тартылған болса, биыл бұл көрсеткіш 17,5 миллиард теңге болады деп күтіліп отыр», — деді бөлім басшысы өз баяндамасында.
Өз кезегінде аудан басшысы: «Ауылдардың ең басты көрсеткіші өндіріс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамту екендігіне тоқталып, салалық бөлімге ауылдық округ әкімдіктерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу керек» — деді.
Мұнан соң аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхахтың есебі тыңдалды.
Бөлім басшысы әлеуметтік желілер мен ресми БАҚ-та жарияланған сыни ақпараттар бойынша коммуналдық салада көрсеткіштің көп екендігіне тоқталып, қоғаммен кері байланыс орнатуда бөлімдердің жұмыс жоспарына қысқаша талдау жасады.
Аудан бойынша 134 билборд орналастырылса, 10 көрнекі ақпарат құралының тозығы жеткен. Үшеуі бос тұр. Ауылдық округтерде бұл бағыттардағы жұмыстарды жүйелей түсу керектігін тілге тиек етті.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков жер саласындағы атқарылған жұмыстарға, оның ішінде 2023 жылғы ауданның ортақ жайылым көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарға қысқаша шолу жасады.
Бөлім басшысының айтуынша, биыл ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспары 8700 гектар болса, маусым айындағы көрсеткіш бойынша 3530 гектар жер ортақ пайдалануға берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда.
Баяндамашының есебін тыңдаған Азат Әбдіғалиұлы бөлімдердің алға қойған жоспарларының өз деңгейінде уақытылы орындауын салаға жауапты әкім орынбасаларлары қадағалауға алуын тапсырды. Әрі жаңа жобалар арқылы бөлімдердің жұмысын онан ары жандандыру уақыт талабы екенін ескертті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.