Түркістан облысы: Ордабасы ауданында “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша кәсіп ашуға бағытталған 240 жоба мақұлданды

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасының аудандағы жұмыс барысы бойынша жиын өтті.

Жиын барысында аталған бағдарламаға Қараспан, Бадам, Шұбар ауылдарынан қатысып отырған, қатысуға ниетті азаматтарға “Ауыл аманаты” бағдарламасының басым бағыттары түсіндірілді.

Үгіт-насихат жиынында аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы сала жауаптыларына мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырған азаматтардың қатысу деңгейін қадағалап, кәсіп көзін ашуына қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетерлігі, “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша ауданнан облыстық «Ырыс» МҚҰ-на құжат тапсырған азаматтар саны 350-ге жетіп, қаржы көлемі 1 миллиард 812 миллион теңгені құрап отыр. Оның ішінде мақұлданғаны – 240 жоба, қаржы көлемі — 1 миллиард 570 миллион теңге. Қаржыландырылған азаматтар саны 174-ті көрсетіп, қаржы көлемі 1 миллиард 95 миллион теңгені құрады. Бас тартылған азаматтар саны — 33, қаржы көлемі — 241 миллион теңге. Атаулы әлеуметтік көмек алушы — 2 азамат, қаржы көлемі 10 миллион теңгені құраған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin