Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылдық округінің әлеуеті жоғары

Бұл туралы аудан әкімі Азат Оралбаевтің бектіліген кестеге сәйкес Шұбарсу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Мәдениет үйінде өткен кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Бекбосынов, аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кәдиев, аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандың ішкі істер бөлімінің, салалық бөлімдердің, мекемелердің басшылары, қоғам белсенділері және т.б.қатысты.

Өткен жылдың соңында болған есепті кездесуде шұбарсулықтар тарапынан 16 мәселе көтеріліп, оларды кезең-кезеңмен шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалынған. Нәтижесінде мәселенің 5-і өз шешімін тапқан. Қалғандары бойынша тиісті жұмыстар жүруде.

Атап айтар болсақ, Шымкент-Шұбарсу аралығында қатынайтын қоғамдық көліктің бағытын 42-ші қиылыстан 50-ші қиылысқа дейін жүргізу сұралған. 2023 жылы қыркүйек айынан бастап қоғамдық көлік бағыты 50-ші қиылысқа дейін ұзартылды. Одан бөлек, елді мекеннің 3-ші, 8-ші қилыстарына тас төсеу жұмыстары сұралған болатын. Ауыл округі әкімдігі тарапынан тас төсеу жұмыстары толық жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғындар Ә.Омаров көшесіне жол кедергісін орнату мәселесі көтерілген болатын. М.Исламқұлов мектебі тұсына жолдарды күтіп ұстау есебінен жасанды жол кедергілері орнатылды. Жалпы, бес мәселе шешімін тапты. Қалған мәселелер ағымдағы жылы жүзеге асырылатын болады.

Аудан әкімі Шұбарсулы табиғи газбен, ауыз сумен, электрмен жабдықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, шұбарсулықтарға осы жылы ауылдық округте бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілетінін, жыл соңына дейін жақсы жаңалықтар болатынын жеткізді.

Кездесудің соңы сұрақ-жауап форматына ұласып, тұрғындар жол, күл-қоқыс, жарық, ауыз су, білім беру және т.б.мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Әрбір сұраққа аудан басшысы, сала мамандары жауап берді.

Аудан басшысы Шұбарсудың кәсіркерлікті, шаруашылықты дамытуда потенциалы жоғары екенін айтып, ауыл әкіміне кез келген мәселеде тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды.

Кездесуден кейін аудан әкімі Шұбарсуды ауыз сумен қамту үшін кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқан ішкі желісін тарту жұмысының 4-ші кезеңін іске қосты. Яғни, 3 142 абонент таза ауыз суға қол жеткізді.

Осы тұста атап өтер жайт, Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтудың төртінші кезеңі бойынша 3142 абонентке су беру берілді. Шұбарсулықтардың қуанышына аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Айта кету керек, Шұбарсуды ауыз сумен қамту үшін 5 кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бірінші кезең бойынша нысан құрылысы аяқталып, 1 965 тұрғын немесе 655 абонент ауыз сумен қамтылды.

Екінші кезең бойынша 3 333 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысанды биыл мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Үшінші кезеңде 3 584 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысанды биыл мамыр айында пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал, бесінші кезең 3 191 абонент ауыз сумен қамтылмақ.

Жылдың соңына дейін барлық кезеңмен ауыл толық ауыз сумен қамтылатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin