Түркістан облысы: Ордабасы ауданында бюджеттің кіріс бөлігінің, көктемгі дала жұмыстарының орындалуы туралы және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлімдердің және мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде бюджеттің кіріс бөлігінің, көктемгі дала жұмыстарының орындалуы туралы және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мәселелер қаралды. Салалық бөлімдердің басшылары күн тәртібіндегі мәселер бойынша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде аудан басшысы тиісті жұмыстарда кемшіліктер барын айтып, сапалы орындау үшін нақты тапсырмалар берді.

Мұнан өзге бүгін аудан әкімінің аппарат басшысы Жұманалы Кадиевтің төрағалығымен ауданның мемлекеттік мекемелеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жиын өтті. Жиынға аудандық дербес бөлімдер мен ауылдық округтың әкімдері мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік субектілер қатысты. Жиында аудан әкімінің аппарат басшысы дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімінің аппараттарына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.

Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкердің әдеп кодексінің талаптарын және Сыбайлас жемқорлық профилактикасы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң нормаларын және оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.

Мемлекеттік қызмет  демекші, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.

Бүгінде республикада 140-тан астам түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 8-і Түркістан облысына тиесілі.

Олар Түркістан облысының Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Сауран, Сайрам аудандары мен Кентау қаласындағы төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданған.

Осы орайда, жоғарғы оқу орнын GPA 3.33-тен жоғары баллмен үздік аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдалана отырып мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырған болар едік.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin