Түркістан облысы: Ордабасы ауданында суды үнемдеу арқылы мол өнім алып отырған шаруашылық бар

Аудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылдық округінде болып, “Жан-2004” ЖШС-ның жұмысымен танысты.

Аталған серіктестік Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 450 гектар алқапқа жаңбырлатып суғару әдісін енгізе отырып, мал азығын дайындауда. Атап айтар болсақ, 100 гектар жоңышқа, 350 гектар бидай еккен. Жобаның құны 250 миллион теңгені құрап, 10 адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығы су үнемдеу арқылы гектарынан 720 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Одан бөлек серіктестік маусым айында қосымша 70 гектар жерге жаңбырлатып суғару технологиясын ендірмек. Жоба құны 45 миллион теңгені құрап, су үнемдеу құрылғыларын “BNK Irrigation” ЖШС-і алдырған.

Аудан басшысы аталған шаруа қожалықтың жұмысына оң бағасын беріп, су үнемдеу арқылы да мол өнім алуға болатындығын айтты.

— Мемлекет басшысы өткен жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында су ресурсына, оны үнемдеу қажет екеніне ерекше тоқталған. 2030 жылдарға қарай еліміздегі су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан. «Судың да сұрауы бар» демекші, бірте-бірте оны үнемдеп пайдалануға көшуіміз керек. Мәселені түсініп ауданымыздың шаруалары су үнемдеу шараларын қолға ала бастаүаны қуантады, — деді аудан әкімі.

Бүгінгі таңда ауданда 31 шаруа қожалығы 474 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесін енгізген. Осы жылға 1300 гектарға жоспарланса, оның ішінде 300 гектарға жаңбырлатып, 1000 гектарға тамшылатып суғару жүйесін енгізу жоспары тұр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin