Түркістан облысы: Ордабасы ауданында тұрғындармен болған кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша жиын өтті

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен тұрғындармен болған кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша жиын өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің мамандары, салалық бөлімдердің басшылары қатысты.

Мысалы, 2023 жылдың қыркүйек және қараша айларында болған кездесулерде барлығы 190 мәселе (инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, мәдениет, кәсіпкерлік және т.б.) көтерілсе, соның 77-сі шешімін тапқан.

Аудан әкімі жауапты мамандарға ауыл әкімдерімен бірлесіп шешімін таппаған және орындалмау қаупі бар мәселелерге талдау жүргізуді тапсырды. Ал, осы жылы шешілетін мәселелердің уақытылы әрі сапалы қатаң қадағалауды міндеттеді. Яғни, қағазға түсірілген тапсырмалардың іс жүзінде орындалуы тиіс екенін айтты.

Бұдан бөлек аудан әкімі Азат Оралбаев құрылысы жүріп жатқан және жоспарланып отырған нысандар (газ тарту, абаттандыру және т.б.) бойынша техникалық кеңес өткізді. Аталған жиынға жауапты бөлімдердің басшылары, мердігерлер қатысты. Аудан әкімі бірінші кезекте сапаға және мерзімге баса назар аударуды айтып, анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin