Түркістан облысы: Ордабасы ауданында мәдениет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Мәдениет — елдің рухани күші. Әрбір халық өзіндік мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Мәдениет пен өнер – егіз ұғым. Сондықтан, елдің өнерін алға сүйреп, ұлт мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген осы сала қызметкерлерінің қоғамдағы алар орны ерекше.

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев мәдениет саласының қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кәсіби мереке иелеріне дендеріне саулық, отбастарына амандық, еңбектерінің жемісті болуына тілектестігін білдіріп, Алғыс хат табыстады.

— Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер рухани байлықты толықтыруда және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек етіп келесіздер!

Мәдениет пен өнер — ұлы мұра әрі ұлттың рухани болмысы.

Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылады, бағаланады.

Бұл күн – музей, кітапхана, театр, филармония, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, жалпы өнер сүйер қауымның шығармашылық мерекесі.

Қасиетті Ордабасы өңірі өзіндік мәдениеті қалыптасқан, тарих тереңіне тамыр тартқан өнер тарландарына бай өлке. Киелі де қастерлі Ордабасының топырағында дүниеге келіп, бүгінгі таңда республика көлемінде өнер көрсетіп жүрген таланттарымыз мерейімізді үстем етіп, ауданымыздың атын танытып жүр. Яғни, ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Осы орайда халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге алғыс білдіргім келеді. Мәдениет саласының одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымыздың ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер!

Қадірлі мәдениет, өнер саласының қызметкерлері!

Өздеріңізді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін! – деді Азат Оралбаев.

Сондай-ақ аудан басшысы жуырда ғана Түркияның Стамбул қаласында өткен «Zhibek zholy Kazakhstan» байқауында «Show me your love» әнін орындап гран-при және Италияға жолдама алған ордабасылық Еңлік Тәжібекке де алғыс жариялап, сый-сияпат жасады. Аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған “Жас толқын” балалар мен жасөспірімдер театрының қатысушысы болып табылатын талантты бүлдіршін ағымдағы жылдың 8 маусымында Алматы қаласында өтетін «Жас Қанат», «Азия даусы» байқауларына дайындалу үстінде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin