Түркістан облысы: Ордабасы ауданында Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты шара өтті

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстан армиясының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектепте салтанатты шара өтті.

Оған аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Шараға қатысушылар алдымен мектеп ауласындағы Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, арнайы жасалған көрмені тамашалады.

Өз кезегінде зиялы қауым өкілдері Кеңес Одағының Батыры туралы естеліктер айтып, жасаған ерліктеріне ерекше тоқталса, жастар әскери-патриоттық тақырыпта өнерлерін паш етті.

Сонымен қатар бүгін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен орманшылар бірігіп тілсіз жаумен күресте және орман, өзен-көл жағалауында демалғанда қандай қағидаларды есте сақтау керектігін кеңінен түсіндіру мақсатында ауқымды шара өткізді.

Аталған шараға белсенді жастар қатысып, мамандармен бірге тұрғындармен кездесу өткізді. Сондай-ақ Арыс өзенінің бойынша практикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Еліміздегі жалпы орман қорының 11,4 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Өңірде 3,5 миллион гектарға жуық орман қоры бар болса, оның 4759 гектары Ордабасы ауданының аумағында орналасқан.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin