Түркістан облысы: Ордабасы ауданында биыл 2 мыңнан астам оқушы үлкен өмірге жолдама алып отыр

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев аудан орталығындағы А.Иманов жалпы орта мектебінің соңғы қоңырау шарасына қатысты. «Сыңғырла, күміс қоңырау» тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты жиында аудан басшысы оқушылар мен түлектерді, ұстаздарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

— Қадірлі ұстаздар!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауданымызда 2023-2024 оқу жылында 35 мыңнан астам (35521) оқушы білім алды. Оның 2 мыңнан астамы (2112) 11-ші сыныпты бітіріп, үлкен өмірге жолдама алып отыр.

Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектердің 80-і — «Алтын белгіге», 215-і — үздік аттестатқа үміткер.

Құрметті түлектер!

Сіздер осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып осы мектептің табалдырығын аттаған едіңіздер. Бүгін білім ұясынан таудай болып үлкен өмірге қадам басқалы тұрсыздар.

Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандыруда.

Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін!

Өздеріңізге белгілі, мемлекет тарапынан білім саласына көп көңіл бөлінуде. Соның көрінісі бүгінгі күнге ауданымызда 4 мектептің құрылысы жүргізілуде.

1 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына, мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға түрлі пән кабинет бюджет есебінен берілуде.

Балаларымыздың сапалы білім алуына мемлекет тарпынан өте үлкен жағдайлар жасалынуда.

Осы орайда өздеріңізге сәттілік тілегім келеді. Жолдарыңыз ашық болсын!

Ал, ұстаздар қауымына зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті бола берсін! – деді Азат Оралбаев.

Сонымен қатар, аудан әкімі өңірдегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Биыл аудан бойынша 4 мектептің құрылысы жүргізіліп, 1 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына, мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға түрлі пән кабинет бюджет есебінен берілуде.

Салтанатты шара барысында өнерлі түлектер мен оқушылар ән-биден шашу шашты.

Мұнан соң бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауылдық округіне «көгілдір отын» беру мақсатында Бірлік ауылының маңындағы Арыс өзенінің жағалауынан өткен жеткізуші газ құбырының орналасуын бақылап көрді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, Арыс өзенінің жағалауын нығайтуға байланысты тиісті сала мамандарына тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, аудан басшысы Берген ауылындағы балалар ойын алаңшасының жағдайымен және жол бойындағы абаттандыру (Шаңырақ аркасы) жұмыстарымен танысып, оларды қалыпқа келтіру және мерзімінде сапалы аяқтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin