Түркістан облысы: Ордабасы ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды

Ордабасы ауданындағы «Самұрық» аллеясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеге Шымкент қалалық «Автонұр» сауда орталығының 80- ге жуық кәсіпкері қатысып, балалардың мектепке қажетті киім-кешектері мен оқу құралдары жеңілдетілген бағада нарыққа ұсынды.

Аудан әкімі Азат Оралбаев 1 тамыздан бастау алған игі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге өз алғысын жеткізді.

Айта кетейік, аталған акция аясында Ордабасы ауданы бойынша әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасыдан шыққан 3 223 бала, құны 43 407 теңгені құрайтын әлеуметтік қолдауға ие болды.

Сонымен қатар бүгін «Экобазар» кешенінде де Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеге жергілікті 26 кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ жәрмеңкеге қойылған кеңсе құралдары, балалардың мектеп сөмкелері, формалары мен аяқ киімдерді қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды.

Шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға жағдай жасап, дайындықты жеңілдетуге бағытталған.

Айта кетейік, шара екі күнге жоспарланған. Аталған жәрмеңке шаһардағы «Экобазар» сауда кешенінде 20 тамыз күні сағат 09:00-18:00 аралығында жалғасады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin