Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы талқыланған мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ұйsмдастыру-инспекторлық бөлімінің мамандары, дербес бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Мәжілісте аудандық ТҮКШ, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, экономика және қаржы, мәдениет және ішкі саясат бөлімдеріне 2023 жылы және осы жылдың басынан берілген кейбір тапсырмалардың орындалмауы сараланды. Аудан басшысы тарапынан тиісті жұмыстарды қолға алмаған басшылардың, ауыл әкімдерінің жауапкершілігіне сын айтылды. Мәселен, аудан орталығындағы автотұрақ аумағын ретке келтіру тапсырмасы тиісті деңгейде орындалмаған. Қайнар елді мекеніндегі Б.Әлтейев көшесіне қосымша трансформатор желісін қосу жұмыстары да аяқсыз қалған.
Мәжілісті қорытындылай келе, аудан әкімі ел алдындағы уәде уақытылы орындалуы тиіс екенін, босаңсуға болмайтынын айтып, сала басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне барлық деңгейдегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу міндетін жүктеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.