Түркістан облысы: Ордабасы ауданында жаңа замандағы білім беру бағытында дәстүрлі «Тамыз кеңесі-2024» өтті

Тамыз кеңесі – ұстаздардың дәстүрлі басқосу, мерекесі ғана емес, жаңа міндеттер мен жоспарлар белгілейтін маңызды жиын. Кеңестің биылғы бағыты цифрлық технологияларды, жасанды интелект мүмкіндіктерін пайдалану талабы болмақ.

Дәстүрлі тамыз кеңесіне Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, жаңа оқу жылының басталуына сәттілік тіледі.

«Қадірлі ұстаздар қауымы! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» — атты Жолдауында «Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ білім экономикасына тың серпін беріміз» — деп білім беру үдерісін цифрландыруда жеделдік керектігіне тоқталды.

Жасанды интелект мүмкіндіктерін пайдалану жұмыстарын жандандыруыға байланысты атқарылатын жұмыстар саладағы жеткен жетістіктермен алдағы міндет жоспарларға тоқталып аудан әкімі бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Тамыз кеңесінде білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева модераторлық етіп, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Баршагүл Исабек, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы директорының орынбасары Мұхтар Ақтаев, Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Әлия Досыбекова, аудандық білім саласының ардагерлері мектеп директорларымен ұстаздар қатысты.

Сонымен қатар бүгін Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Ордабасы ауданында мерекелік іс-шара өтті.

Конституция – саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің кепілі! Ата Заңымыздың бұлжытпай орындалуының арқасында еліміздің іргесі бекіді, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы нығайды, бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп, Қазақстан жүзден аса ұлт өкілдерінің аяулы атамекеніне айналды.

Атаулы мереке қарсаңында аудандық «Мәдениет үйінде» салтанатты іс-шара өтті. Жиында аудан әкімі Азат Оралбаев, ауданның маслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтарды алғыс хаттарымен марапаттады.

Мерекелік шараға облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Раймбеков, аудандық мәслихаттың депутаттары, облыстық бағынысты мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім саласының қызметкерлері, ардагерлер алқасы мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шара аудандық өнер ұжымдары мен әншілерінің концерттік бағдарламасына жалғасып, патриоттық әндер шырқалды. Мәдениет қайраткерлерінің өнері көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin