Түркістан облысы: Ордабасы ауданында ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ордабасыда ұстаздар қауымының төл мерекесіне орай «Ұзтаздың жолы ұлы жол» салтанатты іс-шарасы өтті.

«Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысты.

«Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Жалпы ұстаздар қауымы жайында халқымыздың хас батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты ары қарай тәрбиелеп, білім беретін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген сөзі бар.

Әрқашан денсаулықтарыңыз мықты, өмір жастарыңыз ұзақ болып, отбасыларыңыз береке-бірлікпен көркейсін. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа биіктерден көріне беріңіздер!» – деген Азат Оралбаев Ордабасы ауданының білім саласында қажырлы еңбек етіп, үздік шәкірттер тәрбиелеген бірқатар ұстаздарды облыс әкімі Дархан Сатыбалдының «Алғыс хатымен», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шара соңында ұстаздар мен оқушы өнерпаздар әннен шашу шашып, бишілер көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin