
Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекеніндегі орталық спорт алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауданның Құрметті азаматты Бегалы Дәулетұлы Абасовты еске алуға арналған халықаралық дәрежедегі дәстүрлі 6-шы турнир өтіп жатыр.
Турнирге Түркістан облысына қарасты барлық қалалар мен аудандардан және көршілес Өзбекстан елінен келген спорт ұжымдары қатысуда.
Жарыстың ашылу рәсіміне аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы барып, ұйымдастырушылар мен додаға қатысушыларды бүгінгі Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, спортшы жас өрендерге сәттілік тіледі.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.