Түркістан облысы: Ордабасы ауданының орталығы түрленіп, түлеп келеді

Бұл туралы аудан әкімі Азат Оралбаевтың бекітілген кестеге сәйкес Қажымұқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде естіп-білдік.

“Жастар орталығы” ғимаратында өткен кездесуге тұрғындардан бөлек аудандық мәслихаттың, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңестің төрағалары, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, депутаттар, салалық бөлімдердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. Кездесуде аудан әкімі тұрғындарды жыл басынан атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы құлағдар етті.

Мәселен, бұдан алдыңғы кездесуде Қажымұқан ауылдық округінің тұрғындары тарапынан 27 мәселе көтерілген. Олар негізінен көшелерге жарықшамдар орнату, су мұнарасын іске қосу, көшелерді жөндеу, жерлерді ортақ жайылымға қайтару, қоғамдық көлік, табиғи газ және т.б. мәселелер. Нәтижесінде 10-ы шешімін тапқан. Қалғандары кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Биыл ауылдық округте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Атап айтатын болсақ, Ынталы ауылындағы Егемендік, Ұзақбай, Елтай, Бимағанбетов, Малдыбай көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ Амангелді ауылындағы Егемендік, Руханият, Шапағат көшелері, Қызылсеңгір ауылы Тұлпар, Төлтаев көшелері де орташа жөндеуден өтеді деп күтілуде.

Темірлан ауылының Арыс-Абасов көшесі қиылысы мен Арбат аумағындағы субұрқаққа орташа жөндеу жүргізілуде. Олар жуырда пайдалануға берілмек.

Жалпы, Қажымұқан ауылдық округінде, оның ішінде орталықта тындырымды тірлік көп.

Кездесудің екінші бөлімі сұрақ-жауап форматына ұласып, тұрғындар мәселе көтеріп аудан басшысына сұрақтарын қойды. Әрбір сұраққа жауап қалмай, олар хаттамаға түсіріліп, салалық бөлім басшыларына, ауыл әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.

Жиыннан соң аудан әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin