Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әкімі Темірлан ауылындағы бірқатар нысандарды аралады

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың бүгінгі жұмыс күні аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралаудан басталды.

Аудан басшысы алдымен Темірлан елді мекеніне Шымкент бағытынан кіре берісте абаттандыру және көгалдандыру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап көрді. Сол жерде сала мамандарына, ауылдық округтің әкіміне кемшіліктер мен қолға алынуы тиіс жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Амангелді ауылының іргесіндегі қоқыс полигонында болған аудан басшысы жауапты мамандарға, полигон қызметкерлеріне жаз айлары келе жатқанын, жазғы өрт қауіпті кезең екенін айтып, өрт қауіпсіздігі шараларын жүргізу үшін нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ полигонның айналасын таза ұстауды, ағаштарға күтім жүргізіп, сарғайған шөптерді оруды тапсырды.

Аудан басшысының келесі аялдаған нысаны — Шәмші аллеясының құрылыс алаңына болды. Қазіргі таңда аллея жайғасатын жер толық тегістелген. Аудан әкімі мердігерге нысанның халық үшін жасалынып жатқан дүние екенін айтып, жұмысты сапалы әрі мерзімінде жүргізуді ескертті.

Сондай-ақ Азат Әбдіғалиұлы “Құртай” каналының бойын абаттандыру жұмыстарымен танысып, салалық әкімнің орынбасарына анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде қалпына келтіруді ескертті.

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан елді мекеніндегі Абасов көшесінде салынып жатқан аяқ жолдың құрылысын бақылап көрді. Жалпы, аяқ жолдың ұзындығы (жолдың екі бетін қосқанда) 1,4 шақырымды құрайды. Абасов және Омаров көшелерінің қиылысынан Самал шағынауданына дейін созылатын аяқ жол мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin