Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әкімі аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап көрді

Аудан басшысы алдымен “Орталық саябаққа” барып, санитарлық-тазалық бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды аудан әкімінің орынбасарымен және тиісті сала мамандарымен бірге пысықтады. Анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша ауыл әкіміне, “Темірлан тазалық” мекемесінің өкіліне нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ аудан басшысы “Шәмші аллеясының” құрылысымен, Темірлан-Арыс жолының басындағы демалыс орнының, Қажымұқан көшесіндегі “Қазыналы” каналының аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бірінші кезекте әр нысанның сапасына және мерзіміне басар назар аударылатындығын ескерткен аудан әкімі салалық бөлімнің мамандарына жұмыстарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin