Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Күзгі тал егу жаспары туралы, ауыл округтеріндегі тазалық жұмыстары мен жарықтандыру құралдарының жағдайы туралы, таза су мекемесінің атқарған жұмыстары мен жоспары туралы кеңінен талқыланды.
Әуелі аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл күзде аудан аумағына отырғызылатын ағаш көшеттерінің жоспары бойынша және ауыл округтердегі тазалық жұмыстары мен жарықтандыру құралдарының жағдайы бойынша баяндады.
«Биыл күз мезгілінде 21 150 дана ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Аталған көшеттер 10 ауылдық округі әкімдіктері мен «Темірлан абаттандыру» мекемесіне үлестіріліп, арнайы белгіленген орындарға егілетін болады», — деді өз баяндамасында салалық аудан әкімінің орынбасары.
Аудан басшысы округ әкімдері, жауапты мекеме басшыларына күзгі науқанға осы бастан дайындықты күшейтіп, сапалы ағаш көшеттерін алдырып, суғару көздері, қоршау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді, жасылдандыру бағытында берілген жоспармен ғана шектеліп қалмай, басқада ағаш көшеттерін отырғызатын жерлерді анықтауды, отырғызылатын көшет санын көбейтуді де тапсырды.
Аппараттық мәжілісте “Таза су” мекемесінің басшысы Асан Құрымбек атқарған жұмыстары мен жоспары туралы баяндама жасады. «Таза су» мемлкеттік коммуналдық кәсіпорны 46 елді мекенге суды таратушы желілер арқылы суды беру қызметін көрсетеді. Атаған 46 елді мекендерінде абонент саны 12428, немесе 65121 халықты ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы 9 айдың қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің толық орындалуын, референдумға байланысты сайлау учаскелерінің дайындығын көру туралы жауаптыларға тапсырма берді. Сонымен қатар ауылдардың тазалығы, жарықтандыру, қаскелбеті жөніндегі ескертпелерге байланысты барлық ауыл округі әкімдеріне қатаң ескерту жасап, берілген тапсырмалардан нәтиже шығармаған тұлғаларға шара көретіндігін қадап айтты.
Бұдан бөлек бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауыл округінде болып, Қараспан ауылындағы Бимырза Шылмырзаев көшесіндегі салынып жатқан асфальт жабындысының жұмысымен танысып, бірқатар ескертулер айтып, ауыл округ әкіміне жасалып жатқан жұмысты мердігермен бірге басы қасында жүріп, айтылған кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Тағы да БМСК-аурухана құрылысын көріп, құрылыс жұмыстарын үнемі қадағалау керектігін айтты.
Одан соң Батырата ауылындағы табиғи газды үйлерге қосу туралы жұмыстарымен танысып, мердігерге жұмыстардың баяу жүріп жатқанын, күннің салқындап келе жатқанын еске салып, жұмыстарды аяқтауды тапсырды.
Содан кейін аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысының орынбасарына жасалып жатқан жұмыстарды қадағалап, күнделікті қандай жұмыстар атқарылды сол бойынша баяндап отыру тапсырылды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.