Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әкімі рекорд орнатқан спортшыны марапаттады

Жақында ұлттық рекордты жаңартқан Шымкент қаласының 52 жастағы спортшысы Артық Досалиев Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай Ордабасы ауданына келіп, балуан бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы музейді аралады.

Арнайы келген рекордшы саңлақты аудан әкімі Азат Оралбаев Ордабасы ауданының 60 жылдығына арналған медальмен марапаттап, алып күш иесіне сый-сияпат тапсырды.

Қарулы азамат теміржолдағы 5 вагонды сүйреп, Қазақстан рекордтар кітабына еніп отыр. Ол вагон тартуда 21 метр 40 сантиметр қашықтықты еңсерген.

Пауэрлифтингтен әлемнің 5 дүркін чемпионы, Еуропаның 2, Азияның 8 дүркін жеңімпазы болған тәжірбиелі спортшы: «Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатуға ниет етіп, батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасап, бұл рекордымды осы мерекеге арнап отырмын. Ендігі жылы да 6-7-10-20 вогонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын» — деп, баршаны мерекемен құттықтап, марапат пен сыйлыққа рахметін айтты.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin