Түркістан облысы: Отырар ауданындағы музейге жұмысқа қабылданғыңыз келсе…

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК Таныстырушы (В2-4) Лауазымдық міндеттері:

Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары кәсіптік білім мен мәдениет және өнер мекемелеріндегі немесе мәдениетті басқару органдарындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес. Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) еркін сөйлейтін болуы керек.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш:
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;
  7. Кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жарияланған сәтінен бастап (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы:

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №1 «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мекен жайы бойынша қабылданады.

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №1 үй.

Анықтама үшін электрондық пошта: Otrar_muzey@mail.ru

Толық ақпаратты 8(72 544) 21-1-50 телефоны бойынша алуға болады.

Еске салайық, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі 1967 жылы Түркістан облысы Отырар ауданы Темiр стансасында ашылған. Алғашқыда мектеп музейi, 1973 жылдан бастап аудандық музей қызметiн атқарса, 1979 жылы 11 мамырда Қаз КСР министрлер Кеңесі шешімімен ғылыми-зерттеу, мәдени ағарту және археологиялық еекерткіштерді қорғау мекемесі ретінде құрылған.

Музейдiң негiзгi мақсаты – Отырар өңiрiндегi археологиялық, архитетуралық ескерткiштердi қорғау, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен айналысу. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі құрамына Отырар қалашығы, Арыстан баб кесенесi және осы өңiрдегi барлық ежелгi қала орындары, қорғандар, суландыру жүйелерi, шеберханалар енедi және бұлар көрермендерге экспозициялық қызмет атқарады. Музейде бiрнеше бөлiмдер және кiтапхана жұмыс iстейдi. 1993 жылы музей қарамағына 110 тарихи ескерткiш бекiтiлiп берiлдi, қорғау аймағы 11547 га болып ұлғайды. Қазiргi кезде Отырар өңiрiнде 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткiш бар.

Бұл Қазақстан аумағында құрылған алғашқы археологиялық қорық-музейі. 1998 жылы 25 желтоқсанындағы №1335 Үкіметтің қаулысына сәйкес Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. Ол заңды мемлекеттік мекеме ретінде 1999 жылы 27 сәуірде қайта тіркелді. Қорық-музей мекемесі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылының бойында үш қабатты ғимаратта орналасқан.

Көпшілік көрермендерге музей ғимаратымен қоса Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығы, Отырар руханиятының филиалы, қазақтың қоржын үйі қызмет көрсетеді.

Қоржын үйдің жалпы ауданы 3048,5 шаршы метр, экспозиция ауданы 1052 шаршы метр, қор бөлімінің ауданы 254 шаршы метр. Қорық-музей ашылғаннан бері  республика көлемінде археологиялық жәдігерлерді зерттеу, қазба жұмыстарын жүргізу, реставрация және консервация арқылы ескерткіштердің сақталуын қадағалайтын, сонымен қатар, халқымыздың этнографиялық және рухани, мәдени мұраларын жинақтап, сақтау, зерттеу, насихаттау жұмыстарын жүргізетін бірден-бір мекеме болып қызмет істейді. Бүгінгі таңда музейде алты ғылыми-зерттеу бөлімі: қор сақтау; археология; тарихи ескерткіштерді қорғау; этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар; реставрация және консервация; экспозиция, экскурсия және қоғаммен байланыс бөлімдері мен кітапхана жұмыс істейді. Қорық-музей ашылған жылдары қорында 2000 жәдігер болса, қазіргі таңда олардың саны 24000-нан асты. Музейдегі әр жәдігер халқымыздың өмірі мен тұрмыс-салтынан құнды деректер береді. Олар әр заманнан бүгінгі бізге жоғалмай жеткен адамзат тіршілігінің іздері.

Көне тарих пен бүгінгімізді жадымызға сақтап отыратын сан-салалы жәдігерлердің иесі музейлердің өзіндік тарихы мен тағдыры бар. Ол жеке адамдардың еңбегімен басталып, олардың әсері арқылы қоғамның, елдің тағдырымен ұштасып жатады. Толағай табыстар мен іргелі істерге толы, қиындығы мен ауыртпалығы қатар жүретін әр жылымыз тарих жылнамасына таңбадай басылып тіркелуде.  

Отырар қорық-музейі мен Ә. Марғұлан атындағы археолгиялық институты бірлесе Қазақстанда алғаш рет Отырар өңірінің ескерткіштеріне электронды археологиялық карта жасады, өңір ескерткіштерінің нақты орындары белгіленді. Жұмыс Leisa фирмасының электронды тахеометрлерінен инструментальді топографиялар жасалды. Ескерткіштердің электронды базасы үшін ArsGIS бағдарламасы пайдаланылды. ArsGIS бағдарламасы ескерткіштер орналасу картасы, мәліметер базасы, жәдігерлерді күтіп сақтау, есепке алу және ресми рәсімдеу жұмысына аса пайдалы екені анықталды.

2005 жылы музей ұжымы Отырар қорық — музейі және Отырар қалашығы мен оның айналасындағы ескерткіштер жөнінде мультимедиялық презентация жасады. Осы екі бағдарлама музей ұжымының жаңа үрдіспен жаңа әдістерді қолдана отырып, қорық — мұражайды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жұмыстардың бірі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.