Түркістан облысы: Отырар ауданында Жолдаудың маңызды қадамдары түсіндірілді

Қоғам елді мекеніндегі Мәдениет үйінде “AMANAT” партиясы Отырар аудандық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауындағы реформаларды талқылау мақсатында аудандық мәслихаттың депутаты А.Құртаев пен аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Б.Жаппаров жиын өткізді.

«Жолдау «Іскер мемлекеттің азаматы» тақырыбында өткен диалогтік алаңша барысында сөз сөйлеген спикерлер Жолдаудағы негізгі басым бағыттарды жан-жақты түсіндіріп, барша партияластарды мемлекет басшысының бастамалары мен реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Жиынға бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, жастар, сенімді өкілдер мен бақылаушылар және партия белсенділері қатысты.

“Біз, партия мүшелері, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі 5 бағдары туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Жолдаудағы бастамалар мен тапсырмалардың сапалы орындалуына өз үлесімізді қосамыз! Ауқымды саяси өзгерістер ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асырылады деп сеніміз” — деген аудандық мәслихаттың депутаты А.Құртаев жиын соңын қорытындылады.

Иә, расында да Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын жария етті. «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың маз­мұны жан-жақты толыға бермек. Жал­пы­ұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз», дей келе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ», — деп нақты айтты.

Сондай-ақ жалпыхалықтық референдумда ортақ қабылданған конс­титуциялық өзгерістер әділетті Қазақ­станның символына айналатынын жеткізді. «Біз Ата Заңымызда «жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі» деген басты қағидатты бекіттік. Бұл құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», деді Президент.

Мемлекет басшысы әділетті қоғам орнатудың басты бағдары ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мәселесіне айрықша тоқталды. «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс», деп атап өтті. Шындығында елдің тұрмыстық жағдайы түзелмей, өзге салада жетістікке жетуіміз неғайбіл.

Экономика саласында қордаланған түйткілдер баршылық, еліміздің әлі күнге шикізатқа тәуелді болып отырғаны, еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз екені жасырын емес. Ұлттық табыс­тың игі­лігін елдің бәрі бірдей көруі үшін оның нақты жолдарын қарастыру қажет­тігі анық. Макроэкономикалық тұрақты­л­ық­ты қамтамасыз ету, экономиканы әрта­рап­тандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру кезек күттірмейтін заман талабы.

Өркениетті, дамыған елдер экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің рөлі басым. Көптен бері айтылғанмен, елімізде бұл салада олқылық аз емес. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау тапсырмасының екі жылдан бері орындалмай келе жатқанына қынжылыс білдірді.

«Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет», деген Прези­дент жаңа экономикалық саясаттың басым бағыты жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру екенін алға тартты.

Жолдау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану жайы­на арнайы тоқталған Қасым-Жомарт Кемелұлы игерілмей жатқан жердің 2,9 млн гектарға  жуығы мемлекетке қайта­рыл­ғанына, жыл соңына дейін тағы 5 млн гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отырғанын жеткізді. Осындай қараусыз, кү­тімсіз бос жатқан жерлер егіннің, мал­дың жайын білетін шаруаға тисе, бұл да өз ке­зегінде қарапайым шаруаның еңбек етіп, тұр­мысы түзелуіне оң әсер етер еді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.