Түркістан облысы: Отырар ауданында Республика күніне орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» атты мерекелік кеш өтті

Биылдан бастап 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі. Бұл күн — сан ғасырлар бойғы ата-бабамыздың аңсаған арманының орындалған күні, яғни 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Осыған орай аудандық орталық кітапхана және №20 Д.Құрманбек атындағы колледждің ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» атты мерекелік кеш өтті.

Кеш барысында №20 Д.Құрманбек атындағы колледждің тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Әбдешбек оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат болуға шақырды. Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Сәуірхан Сұлтан Республика күніне арнайы мерекелік арнауын арнады. Студент жастар мерекеге арналған өлеңдерін оқып, ән-жырдан шашу шашты.

Еске салайық, еліміз 13 жылдан кейін алғаш рет ұлттық күнін қайта тойлайды. Мұндай мереке әлем халықтарында да бар. Әрі ұлық мереке ретінде тойланып жүр. Соңғы 13 жылдан бері бұл күн елеусіз қалғаны белгілі. Ұлт үшін маңызы зор датаға биыл ел Президенті ерекше мәртебе берді. Биыл мамыр айында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тарихи жадын жаңғырту үшін үйлесімді саясаттың болуы ерекше маңызды екенін айта келе, осы ел дамуының жаңа басымдықтарын белгілеп алу керек екенін атап өтті.

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», — деді ҚР Президенті. Осы орайда Президент Егемендік декларациясы халықтың жан-жақты және ұзақ жылғы күресінің нәтижесі екенін қадап айтты. «Мен Ұлытауда өткен алқалы жиында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсындым. Оны Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтердім. Бұл бастама халықтың кең қолдауына ие болып, тиісті заңға өзгеріс енгізілді. Биылдан бастап Республика күні – ұлттық мереке. Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Сондықтан осы мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ», — деді Мемлекет басшысы.

 Себебі 25 қазан — Тәуелсіздік бастау алған тарихи күн. Бұл мерекенің тарихи маңызы зор. Ең бірінші жастар білуі керек. Тек қана тарихи дата боп қалмауы керек. Сол 1990 жылдың 25 қазанында қоғамда үлкен өзгерістер болған. Енді сәл шегініс жасап, тарих парағын ақтарсақ. 1990 жылы 25 қазанда «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясына қол қойылды. Осы тарихи құжаттың әсерімен қоғамның іргетасы жаңарып, Қазақ елі жаңа белестерге ұмтылды. Қазақстан қиын өткелден өтіп, іргелі ел болуға бағыт алды.  2001 жылы Қазақстан айтулы датаны «Республика күні» деп белгілеп, жалпақ жұртқа жария етті. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. Қазақстанның толық мемлекеттік тәуелсіздігін ресімдеудің жаршысы болған бұл құжатты дайындау кеңестік империяның кеңістігінде белең алған экономикалық және саяси құлдырау жағдайында жүргізілді. Осы ретте бұл құжаттың оңайлықпен қабылданбағанын да айта кеткен жөн. КСРО Жоғарғы Кеңесі басшылығы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануын үнемі тежеп отырғаны белгілі. Сондықтан Қазақстанның тағдырын шешкен осы саяси-құқықтық құжатты әзірлеу әрі қабылдау азаматтық батылдықтың көрінісі болды.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданып, еліміздің еркіндік жолындағы аса маңызды жүйеленген саяси-құқықтық қадамы жасалды. 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланған Тәуелсіздігіміздің бастауында дәл осы Егемендік туралы декларация тұрғаны анық. 25 қазан еліміздің азаттыққа ұмтылыс жолында тағдыршешті нәтижеге алып келген күн ретінде қадірлі болып тұр. Сондықтан еліміздің Тәуелсіздігі осы күннен бастау алатынына күмән жоқ.

 Бірақ арада 8 жыл өткен соң бұл дата мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Халықаралық сарапшылар әлем елдерінің көпшілігінде ұлттық мерекеге ерекше мән берілетінін айтады. Мәселен, Түркияда 29 қазан — Республика құрылған күн. Бұл күнде бауырлас ел өз туларын іліп, оған ерекше ден қояды. Ал, АҚШ-та 4 шілде ұлттық күн деп бекітілген. Еркін және тәуелсіз ел ретінде АҚШ-тың туған күні саналады. Бұл дата еліміздің егемендігі жолындағы тұңғыш қадам жасалған күн болғандықтан да, Ұлттық мерекелер тізімін бастап тұр. Яғни Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Ал 16 желтоқсан да Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып қала береді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. While we strive to make the Website as accessible as possible some issues can be encountered by different assistive
    technology as the range of assistive technology is wide and varied.

    reps shoes
    bred 4s
    Replica Sneaker
    bred 4s
    fake yeezy slides
    rep shoes
    jumpman jack
    replica shoes
    Replica Sneaker
    Replica Sneakers
    fake yeezy slides
    reps shoes
    fake yeezys
    discountshoesmart
    fake shoes
    rep shoes
    fake shoes
    off white jordan 1
    bred 4s
    bred 4s
    reps shoes
    michigan dunks
    michigan dunks
    fake jordans
    fake yeezy slides

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.