Отырар ауданы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жол-көлік оқиғасының және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында көпфункциялы «Сергек» камералары орнатылды.
Аудан әкімінің сұранысы негізінде «Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан-Кентау» автожолының бойына «Сергек» автоматты түрде жұмыс атқаратын бейнебақылау камераларын орнату Түркістан облысының полиция департаменті арқылы қаралды (Департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А.Сейдуалиевтің атынан 28.06.2022 жылғы №1-5-5-30/3567 санды хаты).
«Көркем Телеком» ЖШС, Түркістан облыстық полиция департаменті және Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы арасында түзілген меморандум аясында Отырар ауданы аумағындағы жол-көлік оқиғасы көптеп тіркелген 3 орынға бейнебақылау камералары қойылды.
Камералар орнатылған орындар:
- Шәуілдір ауылы. Жібек жолы даңғылы мен Ж.Шәймерденов көшесінің қиылысы. «Есен ана» мешітінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолы.
Жылдамдық — 40 км/сағат.
Координатасы: 42.7866838, 68.3848594
- Шәуілдір ауылы. Жібек жолы даңғылы. «Оқсыз» спорт кешенінің маңы.
Жылдамдық — 60 км/сағат.
Координатасы: 42.8010598, 68.4065726
- Темір ауылы. Жібек жолы даңғылы, «Ғалия» азық-түлік дүкені мен «Алмас» АЖБ маңы.
Жылдамдық — 60 км/сағат
Координатасы — 42.8155332, 68.4282418.
Алынған камераларды құжаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 21 қазаннан бастап іске қосу жоспарлануда. «Сергек» камераларының іске қосылғаны туралы мәлімет қосымша хабарланатын болады.
Орайы келгенде айта өтейік, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (қазақша «Сергек» сөзінің мағынасы «сезімтал, қырағы») — «Көркем Телеком» компаниясының қазақстандық IT мамандарының зерттемесі. Бұл қаланың көшелері мен жолдарындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін интеллектуалды бейне бақылау, талдау және болжау жүйесі.
«Сергек» сертификатталған аспап болып табылады. «Сергек» құрамына бейне түсіру модульдерінің желісі, суреттерді жазу және тану жүйесі, ақпаратты өңдеуге және талдауға арналған зияткерлік жүйе кіреді.
«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі Қазақстанның астанасында 2017 жылы пайда болды.
Бүгінгі күні Астана қаласында орнатылып, қосылған 13 000 камера бар; жылдамдық режимін және бөлінген «buslane» жолағын бақылайтын 300 желілік учаскелер; сондай-ақ жылдамдық режимі, тоқтау желісі және бағдаршамның қызыл сигналына өтуі бақыланатын 400 қиылысулар орнатылған. Бұдан басқа, тұрғын үйлердің аулаларында және адам көп жиналатын жерлерде жалпы бақылаудағы 4 000 камера орнатылды. Сауда, бизнес-орталықтардан және т. б. 3 000 бөгде камералар жүйесімен біріктірілген жүйе елордалық жолдардағы жол-көлік оқиғаларының статистикасын төмендетуге мүмкіндік береді және құқық бұзушылықты алдын алуға және жедел ашуға көмектеседі.
Күніне «Сергек» 12 млн астам оқиғаны өңдейді. Ақылды қала саласында көптеген нақты деректер бар Қазақстандағы жалғыз жүйе болып келеді. Кешен жұмысы үшін әр түрлі жарықтандыруды, жел мен автокөліктің жылдамдығын ескеретін алгоритмдер қолданылады. Жаңа интеллектуалдық кешендер нейрондық желілер мен машиналық оқыту технологияларын пайдаланады. «Сергек» жай ғана онлайн режимінде «тірі» суретті көрсетіп қана қоймай, жағдайды талдап, іс-әрекеттердің нұсқаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Жоба қылмысты ашуға және қоғамдық тәртіпті қадағалауға көмектеседі. «Сергек» жүйесінің көмегімен қылмыстарды, соның ішінде ұрлық, көліктерді айдап әкету, адамды өлтіру ашыла бастады.
«Сергек» жобасы камераларының көп бөлігі қалалардың түрлі қоғамдық орындарында, тұрғын үй кешендерінде, мектептер мен адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан.
«Сергектің» мүмкіндіктері зияткерлік көлік жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі болуға мүмкіндік береді. «Сергек» әрбір аумақ үшін жол жүктемесін, көлік ағынының бағыты мен межелі пункттерін, қиылыстар мен желілік учаскелер бөлінісіндегі бұзушылықтар статистикасын талдауға мүмкіндік береді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.