Түркістан облысы: Отырар ауданында «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы» акциясы өткізілді

Қазіргі таңда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда жиі сынға ұшырап жатыр. Осыған орай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы» акциясы өткізілді.

Акция негізінен аудандағы ауылдардың, ауылдық округтердің атауы жазылған көше аншлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандар атауларының жарнамалары қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, жарнама тілін реттеу мен жүйелеу, жекеменшік сауда нүктелерінің маңдайша жазулары, ақпараттық тақтайша жазулары, жарнамалық жазулар, т.б нысандардағы жазулар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» және «Жарнама» туралы Заңдарына сай орналасуын, жазылуын, сауаттылығын бақылау назарға алынып, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Жалпы, қазақ тілі азат тіл болуы үшін, оның тазалығы сақталуы үшін біз әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз керек. Бұған қазақтың әрбір саналы азаматы өзін жауапты сезінуі керек. Тіл деген бір адамға, бір мекемеге, я болмаса, бір бөлімге берілген нәрсе емес. Бұл бар қазақтың баласына ата-бабасынан аманат ретінде жеткен ұлы желі. Осыны әрбір адам сезінетін кез келді. Ауданымыздың барлық тұрғындарын қай жағынан алып қарасақ та, уақыттың талабына жауап бере алатын қазақтың құнарлы да, шұрайлы тілін өзінің лайықты орнына қондыруға, бірге атсалысуға шақырамын. Сіз болып, біз болып, бәріміз бірлесе отырып, өзгелерге өз тіліміздің ұлылығын дәлелдей білейік» — дейді жауапты мамандар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.