Түркістан облысы: Отырар ауданында жыл басынан бері 430 шетел азаматы есепке алынып, уақытша тіркеуге қойылған

Отырар аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметі бөлімшесінің халықты құжаттандыру және тіркеу саласы бойынша жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр. Бұл жөнінде Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтардың өтініштер аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданып, тиісті жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Мәселен, жыл басынан бері төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін 3172 өтінім қабылданғанын атап өткен жөн. Оның ішінде төлқұжат алуға 585 азамат, ал жеке куәлік алуға 2776 азамат өтініш тастаған. Одан басқа жеке куәлік, төлқұжат жоғалту бойынша 355 азаматтан өтініш қабылданып, іс құжаттары қайта орнына келтірілген. Қазақстан Республикасы азаматының өзінің жеке басын анықтайтын жеке куәлігінің мерзімі өтіп, жарамсыз куәлікпен жүргені анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы 1-бөлігімен 13 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілген. Ал осы баптың 2-бөлігімен 141 азамат жауапқа тартылған.                                                                

Жалпы Отырар ауданында жыл басынан бері 430 шетел азаматы есепке алынып, уақытша тіркеуге қойылған. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының 25 азаматына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 3-бөлігіне сәйкес ескерту шарасы көрілген. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 4-бөлімімен 2 азамат, 5-бөлімімен 98 азамат анықталған. Оның ішінде 47 азамат ел аумағынан шығарылса, 51 азаматқа айыппұл салынған.                                                                             

Сондай-ақ шетелдік азаматтарға тұрғын үй-жай беріп, оларды тіркеу шарасын қолданбаған 6 азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша ескерту беріліп, 1 азаматқа айыппұл салынған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы 1-бөлімімен  Қазақстан Республикасының 3 азаматына айыппұл салынған.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.