Түркістан облысы: Отырар ауданында мемлекеттік тілді заңға сәйкес қолдану керектігі түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Ғылым мен жоғары білім министрлігінің хатына сәйкес, барлық сауда нүктелері, банктер, асхана, дәмхана, мейрамхана, дәріхана және т.б бақылау касса машиналарының тілін мемлекеттік тілге ауыстыру бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ірі сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсететін орындарда бірлескен іс-шараларды іске асыруды және халықты мемлекеттік тілдегі түбіртекті сұрауына бағыттау мақсатында өткізілді. Осыған орай аудан орталықтарында орналасқан «Айгерім » төмен бағалы супер маркет, «Айзере» сауда орталығы, «Балақай» әлеуметтік отбасылық дүкендер желісі, SMART ұялы телефон әлемі сынды бірқатар нысандарда түсіндіру шаралары жүргізілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Атап өтер жайт, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» — деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Тіл – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Әр халықтың ана тілі — оның жаны. Ұлттық болмыс-бітімнің бейнесі, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзі, ішкі жан дүниесінің өзіне ғана тән құпиясы.

Тіл саясаттың жүзеге асырылуына ұдайы назар аударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сай туындайтын жаңа мүмкіндіктерді айқындау — жауапты мәселе. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту де — зор мақсат. Бұған еліміздің тиісті сала басшылары, тілші-ғалымдар мен тіл жанашырлары әрдайым назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отыруы — келелі іс. Әлбетте, мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің тұғырын биіктете түсеріміз анық. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында қазіргі таңда елімізде тіл саясаты жоспарлы жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының орындалуы мен сақталуы қатаң бақылауға алынып келеді. Елінің болашағын тілінің болашағымен байланыстыра қарайтын әрбіріміз «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде», Қазақ тілі Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» деген мәселені жадымызда ұстағанымыз жөн.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.