Түркістан облысы: Отырар ауданында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Бүгін Отырар ауданы аумағында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, көшелерді қоқыстардан тазарту және шөптерді шауып, белгіленген орындарға шығару мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары белсене атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілікте Н.Оңдасынов, Т.Бозшабаев, Ұ.Арғынбеков, К.Момбеков көшелерінің бойындағы суағар лотоктар мен арықтарды, аяқжолдарды тазалау жұмыстарымен қатар, арық-атыздарды тазалау, талдар мен шөптерін шауып жинау, сондай-ақ, барлық мекемелер орналасқан аумақтарға санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстары аудан орталығынан бөлек, барлық ауылдық округтерде де өтті.

Қоғам үшін экологиялық тұрғыдан тиімділігі зор жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.