Түркістан облысы: Отырар ауданында Қазақстан тарихындағы ерте темір дәуірі жәдігерлерін паш ететін көрме өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен 11-26 қазан аралығында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» атты көрмесі ашылады.

Көрме экспозициясынан ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән үш тағанды қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен алтын жүзігі, түпнұсқа қыш ыдыстары және т.б. Жетісу жауһарлары мен Шығыс, Батыс, Орталық Қазақстан аумақтарынан табылған құнды жәдігерлердің жаңғыртпалары орын алады.

Өтетін орны: Түркістан облысы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Сапар орталығы».

Ашылуы: 11 қазан 2022 жыл. сағат 11.00.

Көрме мерзімі: 2022 жылдың 11-26 қазан аралығында.

Еске салар жайт, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК-ы ретінде құрылды. Музей-қорықтың орналасқан Есік қорымының аумағындағы қорғандарының бірінде 1970 жылы әйгілі Алтын адам табылған. Осы Іле Алатауының етегінде екі мың жылдан астам уақыт бұрын парсылар «сақтар», гректер «скифтер» деп атаған тайпалар өмір сүрген. «Есік» қорық-музейі 2012 жылы ғылыми қызмет көрсету субъектісі ретінде аккредиттелсе, 2011 жылдан бастап мемлекеттік лицензия негізінде археологиялық жұмыстар жүргізеді. 

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.