Түркістан облысы: Отырар ауданында «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында шара ұйымдастырылды

«ТЕМІР» жалпы орта мектебінде 3 қазан — күні қарттар күніне орай 3 «а» сынып жетекшісі Қарлығаш Ақтөре мен «Өлкетану » мұражайының жетекшісі Айнұр Сартбаеваның ұйымдастыруымен «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөздерден ғибраттар алып, ұлттық құндылықтарды бойларына дарытуды мақсат еткен шараға ардагер ұстаздар мен қарт ата-аналарымыз қонақ болып арнайы қатысты. Сабақ оқушылар өлең айтып, әнді хормен де шырқап, би билеп, барша ата-аналар мен ұстаздарға арнаулар арнады. Аталы сөзге тоқтаған ұлт екенімізді дәлелдеп, көрініс көрсеткен оқушыларымызға көрермендер риза болды. Оқушылар өз білімдері мен өнерлерін аямай ортаға салып, белсене қатысты. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтап мақал-мәтел, жұмбақтар айтып, жаңылтпаштармен тіл сындырса, Санжар, Әбдімәлік, Бейбарыс сынды оқушылар бата беріп, көрермендерді тәнті етті. Шара соңында ұстаз, ауылдың ардақты ардагері Ж.Қалдыбеков бата беріп, ұйымдастыстырушылар мен оқушыларға алғыстарын білдірді. Мектепте абыроймен 40 жыл еңбек аянбай еткен ұстаз Ортай Оңатова апай да сөз алып, әкімдер дайындап шығаратын қара шаңырақ «Темір» мектебінің ұстаздары да, оқушылары да білімді, өнерлі деп есептеймін деп, мектеп ұжымы мен оқушыларға зор алғысын білдірді. Ардагер ата-ана Рыскүл апа да оқушылардың жолдары жарқын болсын дей келе, ұстаздарға алғысын айтты.

Мектеп директоры А.Қасымбек келген қонақтарға рахметін айтып, бүгінгі өткен шараның құндылығының зор екендігіне тоқталып, оқушыларға болашақтарының жарқын болуларына тілектестік білдіріп, осындай іс-шаралардың мектепте көптеп жүргізіліп жатқандығын, әлі де жалғасын табатындығын айтты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.