Түркістан облысы: Отырар ауданының өнерпазы «Сен талантсың» шығармашылық байқауынан жүлделі оралды

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММнің ұйымдастыруымен «Сен талантсың» шығармашылық байқауы өтті.

Байқауға Отырар ауданынан ерекше талантқа ие Бақтыбай Сәрсенбаевтың шәкірті Бекташ Ислам Түркістан төрінде ерекше өнер көрсетіп, арнайы алғыс хатпен және ұялы телефонмен марапатталып қайтты.

Шараның мақсаты: Ерекше талантқа ие жастарды қолдау және бойындағы ерекше дарынды елге көрсету. Байқау барысында отырарлық өнерпаз жайдарманшы «Көкмардан құрамасы» қонаққа барып, көрермендердің көңіл күйін көтеріп қайтты.

Еске салайық, «Сен талантсың» шығармашылық байқауының мақсаты – ел арасындағы табиғатынан ерекше таланттарды таныту. Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар түрлі бағыттар (ерекше қабілет, түрлі сиқырлар, тас сындыру, темір майыстыру, т.б) бойынша бақтарын сынайды. Оған 16-35 жастағы азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар байқауға қатысушы өзгелердің және өзінің жеке басына қауіп төнбейтіндей туындыларын ұсынуы қажет. Қатысушылар өздеріне қажетті заттарын (киім жабдықтары, аспаптары, арқан, гір тасы, т.б) өзімен бірге алып келуі тиіс. Жоғары ұпай жинаған қатысушыларға бағалы сыйлық берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.