Түркістан облысы: Парламент Мәжілісінің депутаттары Созақ, Сайрам, Төлеби аудандары мен Арыс қаласы тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Созақ ауданына іссапармен табан тіреді. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарын таныстырды. Алдымен, «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан Ыбырай Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектепте болып, жұмыс барысын бақылады. Бұдан соң жеке инвесторлар арқылы іске асып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Жалпы, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Жұмыс сапары барысында Парламенті Мәжілісінің депутаты Созақ ауылына арнайы барды. Созақ ауылдық мәдениет үйінде тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар Шу өзені суы арнасының тартылу салдары шаруаларға қолайсыздық туғызғанын, ескірген каналдардың жөндеуді қажет ететіндігін айтып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар қабылдауда Созақ ауылындағы №1 колледжге жатақхана салу мәселесі көтерілді. Ұласбек Сәдібеков көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты.

Қабылдауға облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, «Amanat» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Ернар Сағындық, аудандық мәслихат депутаты Серік Топшақов және Түркістан облысы әкімдігінің басқармаларынан өкілдер қатысты.

Қараша халықтың талап-тілектерінің шешімін табуға атсалысып жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданына да арнайы іссапармен барды. Іссапар барысында алдымен Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовпен бірге «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мектеп құрылысы, тұрғын үй және жер кезегі, тәулік бойы таза ауыз сумен қамтылу мәселелерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауда қозғалған мәселелердің барлығы халық қалаулысы мен аудан әкімінің назарына алынып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Сұрақтардың бәрі бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.

Халық қалаулысының Сайрам ауданына жасаған сапары «Белсенді ұзақ өмір орталығында» жалғасты. Кездесу барысында аудан әкімі Арман Сәбитов зейнеткерлер мен қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған орталықтың жұмысымен таныстырды.

Келесі кезекте Манкент станциясы аумағында теміржол саласының өкілдерімен кездесіп, көкейлерінде жүрген сауалдарын сұрады. Атқарған жұмыстарына сай мардымды жалақы алатындарын айтқан теміржолшылар атқамінер азаматтарға өз алғыстарын білдірді. Өз кезегінде, аудан әкімі Арман Сәбитов Ақсукент 2 және Қарабұлақ ауыл округін жалғайтын жол қозғалысы кеңейтіліп, нәтижесінде ауқымды көпір салынатынын айтты.

Бұдан соң, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков аудан аумағының тазалық жұмыстарымен айналысатын «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне табан тіреді. Еңбеккерлермен жеке тілдесіп, жай-күйімен қанықты.

Аралау барысында аудан тазалығына атсалысып жүрген азаматтардың еңбегін жоғары бағалаған халық қалаулысы алдағы уақытта жалақыларын көтеру керектігі жөнінде өз ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Төлеби ауданына да арнайы іссапармен келді. Мәжіліс депутаты елді мекендерді аралап, ел жағдайымен танысып, халықты толғандырған мәселелерді тыңдады.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев аймақтағы инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Тасарық елді мекеніндегі жүзім бағының жұмысымен таныстырып, кәсіпкер Сабыржан Танабаев саласын қолдау мақсатындағы туындаған сұрақтарды қойды.

Жеке кәсіпкер «Танабаев» 20 гектар аумаққа жүзімнің ризамат, кишмиш, шайхана, жеңіс түрін еккен. Ауылдық округтің 10 адам тұрақты жұмыспен, 70 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.

Мәжіліс депутатымен кездесуге келген округ тұрғындары Қаратөбе ауылдық округінен бастау алатын топтастырылған ауыз су аққысы арқылы 12 елді мекен, барлығы 25 243 тұрғын, немесе 4 231 абонент ауыз суды тұтынуда, негізгі су көзі ретінде, дебеті секундына 4,0 текше метрді құрайтын ашық су көзі Балдыберек өзені алынғанын, жылдың көктем немесе күз айларында ауа райының жауын-шашынды болуына орай өзен суы лайланып, судың сапасы төмендеп кеткенін айтып, мәселені шешуге көмек сұрады. Сондай-ақ Ханарық елді мекеніндегі көпірді жөндеу жұмыстарын аяқтауға ықпал етуді өтінді.

Ұласбек Сәдібекұлы ауыз су мәселесіне қатысты Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәселе көтеріп, министрліктерге ұсынылғанын айтса, Ханарық елді мекендегі көпірдің құрылысына қажетті құжаттар басқармаға қаржыландыру үшін ұсынылғанын аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы түсіндірді.

Кейіннен Мәжіліс депутаты бастаған топ Қасқасу елді мекеніндегі «Көктөбе» балалар лагерінің жұмысына көңіл бөліп, жазғы демалыс уақытын лагерьде өткізіп жүрген балалардың жай-күйімен танысты. Асхана мен балалардың жатын орындарын, ойын алаңшаларын аралап көрген Ұласбек Сəдібекұлы лагерде демалушы оқушыларға барлық жағдай жасалуы қажеттігін жеткізді. Əсіресе, патриоттық тəрбие беру ісіне басымдық берілу керектігін айтты.

Көксәйек елді мекеніне ат басын бұрған Мәжіліс депутаты спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына назар аударды. Киелітас елді мекеніндегі мəдениет үйінің құрылысы жұмыстарымен танысып, мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарын сапалы əрі уақтылы орындау қажеттігін тапсырды.

Киелітас елді мекенінің ақсақалдарымен кездесіп, оларды толғандырған мәселерді тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ардагерлер Мәдениет үйінің құрылысына қаралған қаржы кестеге сай бөлініп, мекеме ғимараты көрсетілген мерзімде пайдалануға берілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Бұған республикалық «ҚазСушар» РМК -не қарасты каналдың жұмысына қатысты туындаған сұрақтарын жеткізді.

Ал Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев жұмыс сапарымен Арыс қаласында болып қайтты.

Шаhар басшысы Гүлжан Құрманбековамен бірге әкімдік ғимаратында Арыс қаласы аумағындағы өзекті мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган және тиісті сала басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Кездесуде мәжіліс қабырғасында биыл атқарған жұмыстарды баяндап, жоғарғы заң шығарушы органның жұмыс қорытындыларын атап өтті. Депутат Арыс қаласында «Таза Қазақстан» акциясынының аясында атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, өзекті мәселерді талқылады.

Қала әкімі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына енбей қалған ауылдар мен қала орталығын енгізу, ағын су каналдарын күрделі жөндеуге, электр желілеріне модернизациялауға қаржы бөлу секілді мәселелерге ықпал етуді сұрады. Өз кезегінде мәжілісмен әр мәселені назарда ұстап, тиісті органдарға депуттатық сауал жолдайтынын атап өтті.

Бұдан кейін мәжіліс депутаты Арыс аудандық орталық ауруханасына барды. Адам жанының арашашысы саналатын мәртебелі маман иелерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ақ халатты абзал жандар Арыс қаласында дәрігерлерге қосымша төленетін экологиялық коэффициенттері басқа мекемелерге қарағанда төмен екендігін атап өтті. Салдарынан медицина қызметкерлері тиісті үстемеақы алмайтынын айтып, мәселені шешуге ықпал етуді сұрады. Сондай-ақ емхана ғимараты ескіргендігін, осыған байланысты жаңа заманауи үлгідегі емхана салынса деген тілектерін жеткізді. Мәжіліс депутаты көтерілген мәселелер бойынша жауапты құрылымдармен тиісті жұмыстар жүргізетіндігін жеткізді.

Іссапар аясында бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Атап айтқанда, Отырар шағынауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық мектеп құрылысы мен жеке инвестор есебінен жүргізіліп жатқан өңірдегі бірегей транспорттық-логистикалық орталық жұмыстарымен танысты.

Бұдан кейін, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Жиында қала тұрғындары өздерінің көкейкесті мәселелеріне тоқталды. Оның ішінде тұрғын үй кезегі, баспана мәселесі, жайылым жер, денсаулық, көшеге асфальт жол салу секілді мәселелер көтерілді.

Мәжіліс депутаты тұрғындардың сұрақтарына жеке-жеке жауап беріп, күн тәртібінде тұрған мәселелерді жазбаша түрде хат ретінде жолдауларын сұрады.

Сондай-ақ бұл сауалдарды тиісті органдарға жолдап, орындалуына ықпал жасайтындығын айтты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin