Түркістан облысы: Республика күні қарсаңында отырарлық қариялар Түркістан қаласына саяхат жасады

Бүгін 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Отырар ауданының Қарғалы ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен ауылдың үлкен ақсақал-қарияларымен киелі Түркістан қаласына саяхат жасалды. Саяхаттың басты мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау болып табылады.

Түркістанда қариялар қауымы Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерімізді, түрленген Түркістанды сөз етіп, өз ойларын ортаға салды. Қазақ халқы — үлкенге қарап бой түзейтін халықпыз. Алдыңғы буыннан үлгі алып, үлкендерге жол беріп, батасын алуға тырысамыз. Отбасының берекесі, шаңырағының тыныштығы мен татулығының тұтқасы болған абыз ақсақалдар, ақ жаулықты әжелеріміз біз үшін әрқашан да үлгі-өнеге болмақ.

Саяхаттың соңында ардагерлер осындай келелі жиынның ұйымдастырған әкімдікке, сондай-ақ демеуші болған жергілікті мәслихат депутаты Төребек Дайрабаевқа және Жанболат Оспановқа ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта ауыл көлемінде жоспар аясында түрлі мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Алдағы кезде Қарғалы ауылының қарияларын басқа нысандарға да саяхаттату туралы жоспарлар түсілуде екен.

Еске салайық, Қарғалы — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Қарғалы ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы — Шәуілдір ауылынан солтүстікке қарай 9 км-дей жерде, Шәуілдір каналының бойында, жазықта орналасқан. 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 941 адам (461 ер адам және 480 әйел адам) болса, 2009 жылы 933 адамды (466 ер адам және 467 әйел адам) құрады. Негізі 20-ғасырдың 60-жылдарының басында қаланды. 1996 жылға дейін «Қазақ КСР-нің 30 жылдығы атындағы ауыл» деп аталып келген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.