Түркістан облысы: Сайрамдық оқушы қыздар командасы көгалдағы хоккейден республикалық жарыстан жүлделі оралды

Көгалдағы хоккей спорт түрін Сайрам ауданында қолға алу туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. Аудан әкімі Арман Сәбитовтің «Қазақстан Республикасының көгалдағы хоккей Федерациясына» жолданған ұсыныс хатына сәйкес, бұл спорт түрін дамыту жұмысы қарқынды басталған болатын.

«Ақсу жекпе-жек» спорт клубында ашылған бұл спорт түріне 80-ге жуық бала қатысуда. Білікті жаттықтырушылар ұл-қыздардан құралған екі топ бойынша жұмыс істеуде.

Жуырда Қызылорда облысының Сырдардия ауданында көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Сұлтанбек Ибрагимұлы Қобландинді еске алуға арналған көгалдағы хоккейден республикалық турнир өтті.

«Спорт саласының дамуына, оның ішінде елімізде көгалдағы хоккейдің өсуіне өзіндік үлес қосқан азаматқа арнап турнир өткізу ауданда дәстүрге айналды. Сұлтанбек Ибрагимұлы көгалдағы хоккей спортымен айналысып, 1982 жылы Алматының «Динамо» командасының сапында Кеңес Одағының чемпионы және Одақтың кубок жеңімпазы атанды. Одан кейін көгалдағы хоккейден шәкірт тәрбиелеп, Қызылорда облысының ерлер және әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы болды. Тәжірибелі бапкер жастардың ерекше спортқа деген көзқарасын қалыптастырып, аудан спортшыларының жеңіс тұғырынан көрінуіне зор еңбек етті. Ұзақ жылдан бергі табанды және нәтижелі еңбегінің арқасында ауданда көгалдағы хоккейдің озық әрі тиімді даму жүйесін қалыптастырды. Білікті жаттықтырушының тәрбиесін алған шәкірттері Қазақстан Республикасының спорт шебері, бірқатар хоккейші халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізді. Халықаралық жарыстарда тәжірибелі жаттықтырушы тәрбиелеген спортшылар сан мәрте жарқын жетістіктерге жетті. Сондықтан Сұлтанбек Қобландиннің мемлекетіміздің, оның ішінде Сыр өңірі спортының өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын көпшілік жақсы біледі, – деді Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Сұлтанбек Қобландинді еске алуға арналған көгалдағы хоккейден республикалық турнирдің ашылу рәсімінде.

Спортта биік шыңды бағындырған азамат отбасында да ардақты әке, асыл жар, мейірімді ата бола білді. Өмірлік жары, білім беру саласының майталманы Сапура Мәтібаевамен бірге Дәурен, Қарлығаш, Аружан есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп өсірді. Олардың бәрі бүгінде ата-ана үмітін ақтап, өмірден өз орындарын тапты.

Көгалдағы хоккей спорт түрінің бұқаралық сипатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байрақты жарысқа 13 команда, 230-дан аса спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Төккен тер, еткен еңбек ақталғаны қуантады. Жарыс барысында шәкірттер бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Аталған республикалық турнирде Қанат Накипов жаттықтырып жүрген сайрамдық оқушы қыздар командасы жүлделі III орынға ие болды.

Еске сала өтейік, көгалдағы хоккей – кәдімгі футбол алаңында, көк майсада өтетін спорттық ойын. Мұнда командалар өздеріне доп өткізіп алмай, қарсыластарына көп енгізуді мақсат етеді.

Ойын шартына келсек, көгалдағы хоккей мұз үстінде ойналатын допты хоккейге көп ұқсас. Мұнда да команда 11 адамнан тұрады. Алаңының ұзындығы – 91 метр, ені – 50 – 55 метр. қақпасының биіктігі — 2,14 метр, ені — 3,66 метр. Добының диаметрі — 71 – 74 миллиметр, салмағы — 156–163 грамм. Добы каучук жентегінен жасалып, ақ түске боялады немесе ақ былғарымен қапталады. Доп ұратын таяқшаның оң жағы жұмыр, сол жағы тегіс келеді, басы имек болады. Оның салмағы 340 – 794 грамм. Ұзындығы 1 метрдей, ені 5 сантиметрден аспайды. Допты таяқшаның тек тегіс жағымен ғана қақпақылдайды. Қақпа алдында радиусы 14,6 метрлік сызық болады. Оны «доп соғу алаңы» деп те атайды.

«Қорқақтар хоккей ойнамайды» деген сөз бекер айтылмаған. Ептілік, батылдық, тез шешім қабылдау – қайқы таяқпен «қылыштасқан» әр хоккейшінің басты ұстанымы. Бұл спорттың ерекшелігі сол ойыншылар футболдағы сияқты бойын тік ұстап жүгірмейді. Еңкейіп жүріп, екі көзімен кішкентай допты қуалап, атой салады. Сол кішкентай доп әп сәтте оқша зырлайды, адамның бір жеріне тисе, аттан құлағандай жығады. Алаң да футбол стадионынан кішкентай, сондықтан барлық ойыншы бір мезгілде үнемі қозғалыста болады. Жеңіс үшін жан-жақтан анталағандар қас қағым сәтте кеудеңнен қағып түсуі де әбден мүмкін. Ал, мұрттай ұшып, қақ шекеңе қайың ағаш тисе, қайтып қатарға тұруың екі­талай. 

Енді тарихы туралы аз-кем сөз. Көгалдағы хоккей 19-шы ғасырда Англияда қолға алынған. Бірақ бұған ұқсастау ойын бұдан да бұрын Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Парсы елінде белгілі болған. Англияда 1876 жылы көгалдағы хоккейден алғашқы жарыс өтті. Көгалдағы хоккей 20-шы ғасырда Үндістан, Пәкстан, Сингапур, Шри-Ланка, ОАР-да және Еуропаның бірсыпыра елінде дамыды. Халықаралық көгалдағы хоккей федерациясы 1924 жылы Парижде құрылды. Оған бірден 25 ел мүше болды. 1908 жылдан көгалдағы хоккей олимпиада бағдарламасына енді. 1971 жылдан дүниежүзілік чемпионат, 1970 жылдан Еуропа чемпионаты ерлер мен әйелдер арасында өткізіледі. КСРО-да алғаш рет 1941 жылы қолға алынып, 1956 жылға дейін бірер қалада жарыс өткізіліп, кейін тоқтап, 1967 жылы қайта өріс алған. Көгалдағы хоккейдің КСРО-да қайта түлеуі Алматы қаласында басталды, алғашқы жиындар, жаттығулар осында өтті. Бұл кезде “Динамо” (Алматы шаһары) допты хоккей командасының жаттықтырушысы Э.Ф. Айрих асқан білгірлігімен көзге түсті. Оның айналасына Қ.Байболов, Б.Казанцев, Л.Игнатьев, А.Ионкин, С.Шаймерденов, Ф.Зигангиров, М.Нечепуренко сияқты шеберлер топтасты. “Динамо” хоккейшілері КСРО-да өткізілген 23 чемпионаттың 19-ында чемпион атанып, төртеуінде күміс жүлдегер болды, екі рет КСРО халықтары спартакиадасының алтын медалін жеңіп алды. 1982 және 1983 жылдары Париж бен Гаагада Еуропа чемпиондарының кубогын, 6 рет КСРО кубогын иеленді, әскерилер арасында өткен дүниежүзілік чемпионатта үздік шықты. “Динамо” ойыншыларынан Қазақстан құрамасы жасақталды.

Көгалдағы хоккейдің көне көріністерінің бірі Бени Хасанда орналасқан ескі пирамидада белгіленген. Онда имек таяқ ұстаған екі ойыншы допқа таласып тұрғаны таңбаланған. Осыған ұқсас ойын түрі ежелгі үндіс-ацтектер мен жапондарда да болған. Англиядағы Кентерберийлік кафедральді соборында біздің заманымызға дейінгі 1200 жылы мөрленген суретте сырғытпа таяқ пен доп ұстап тұрған кішкентай бала бейнеленіпті. Бұл дегеніміз ойынның тарихы адамзат өркениетінің дамумен бірге жалғасып келеді дегенді білдірсе керек.

Қазіргі заңдарға сәйкес ойнататын көгалды хоккей XIX ғасырдың ортасында пайда болған. Онымен ең алғаш ағылшындық мектеп оқушылары мен жоғары оқу орнының студенттері шұғылданған.

1861 жылы әлемдегі ең бірінші көгалды хоккей клубы «Блейкхит» Лондонда пайда болған. Артынша «Теддингтон», «Сурбитон», «Ричмонд», «Ист Суррей» сияқты командалар осы жақта ойын көрсеткен.

XX ғасырдың басында бұл ойын Еуропа елдерінде жедел дамып, Канада, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония елдері қызуғышылық танытып, мемлекеттік бағдарламаларына енгізген.

1895 жылы Ирландия мен Уэльс арасындағы ең бірінші ұлттық құрамалар кездесуі орын алған.

Қазақстандағы көгалды хоккейдің қарыштап дами бастаған кезеңі 1960 жылдан бастау алады. «Динамо» клубының базасында құрылған жаттықтырушы Эдуард Айрихтің жетекшілігімен ойын көрсеткен команда өз тарихында 19 рет КСРО чемпионатын, 5 рет КСРО кубогін, 2 рет Еуропа чемпиондар кубогін жеңіп алған. Командадағы жігіттер КСРО көгалды хоккей құрамасының ойыншылары болды. Негізгі жеңістерінің қатарында: 1980 жылы Мәскеу қаласында өткен олимпиада ойындарында үшінші орын, 1981 жылы Малайзиядағы құрлықаралық кубок сарапқа салынған турнирде бірініші орын, 1986 жылы Лондонда өткен әлем біріншілігінде төртінші орында тұрақтаған.

1886 жылы 18 қаңтарда көгалдағы хоккейден бірінші ұлттық Қауымдастық ресми түрде құрылып, ережелер жиынтығы бекітілді.

1895 жылы көгалдағы хоккейден алғашқы халықаралық кездесу Ирландия мен Уэльс құрамаларының арасында өтті.

1924 жылдың 7 қаңтарында Парижде көгалдағы хоккейден Халықаралық федерация құрылды.

1908 жылы ерлер арасындағы көгалдағы хоккей, 1980 жылы әйелдер арасындағы көгалдағы хоккей жазғы Олимпиада бағдарламасына енді.

Көгалдағы хоккей Қазақстанда 60-жылдары «Динамо» клубының базасында даңқты бапкер Эдуард Айрихтің бастамасымен өмірге келді. Содан бері Қазақстан ерлер командасы төмендегідей нәтиже көрсеткен:

КСРО чемпионатының 19 дүркін чемпионы;

КСРО кубогінің 5 дүркін жеңімпазы;

КСРО халықтары Спартакиадасының 3 дүркін чемпионы;

Еуопа чемпондары кубогінде 2-орын.

«Динамо» клубы КСРО құрамасының базалық командасы болды. КСРО құрамында ойыншылар бірнеше турнирде жеңіске жетті. Бірақ ең маңыздылары мыналар:

Мәскеу Олимпиадасы, 3-орын

1981 жылы Куала-Лумпурде (Малайзия) өткен құрлықаралық кубокте 1-орын;

1982 жылы Нидерландтың Амстердам қаласында өткен Еуропа чемпионатында 2-орын;

1986 жылы Англия астанасы Лондонда өткен әлем чемпионатында 4-орын;

1980 жылдары Шаймерденов Саян Сафуанұлының жетекшілігімен «Связист» әйелдер командасы құрылды. Команданың ең үздік нәтижесі КСРО чемпионатындағы үшінші орын.

КСРО чемпионатына қатысқан жылдары команда тұрақты түрде алғашқы алтылыққа енді.

Қазақстан көгалдағы хоккей құрамасы — Халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайтын допты хоккей құрамасы. 1992 жылы құрылған. Азия көгалдағы хоккей федерациясына қарайды.

2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы көгалдағы хоккей 27 шілде мен 9 тамыз аралығында 1924 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары өткізілген Ив-дю-Мануар стадионында өтеді. Жиырма төрт команда (ерлер мен әйелдер үшін он екіден) өз турнирлерінде бір-бірімен жарысады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin