Түркістан облысы: Сауран ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті

Сейсенбі күні «Ер ел қорғаны» атты салтанатты жиын өтті. Бұл шара Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне орайластырылып ұйымдастырылды.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев рәсімдеп ашып, отансүйгіштік пен ерліктің мәнін ерекше атап өтті. Ол сөзінде: «Бүгін біз Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен амандығын сақтап, оның тұғырын мызғымас етіп тұрған әрбір қорғаушы азаматты құрметтеп, алғыс білдіру үшін жиналдық. Сіздердің еңбектеріңіз – халқымыздың бейбіт өмірі мен тұрақты дамуының кепілі» – деді.

Жиында облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Серікбай Орынбекұлы және «Amanat» партиясының аудандық филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков сөз сөйлеп, Отан қорғаушылар күнінің тарихи маңыздылығын еркі мен ұлтын қорғаған батырларымыздың ерлігінен бастағаны жөнінде ой түйіндеді.

Салтанатты шарада түрлі патриоттық ән-жырлар орындалды. Отан қорғаушыларға Алғыс хаттар мен естелік медальдар табысталып, жиын өз мәресіне жетті.

Иә, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні – ел тарихындағы маңызыды мерекелер. Осыған орай, бүгін Сауран ауданы әкімдігінің нәзік жанды қызметкерлері мекемеде еңбек етіп жүрген ер әріптестерін қос мерекемен арнайы құттықтады.

Мерекелік шара аясында мемлекеттік қызметте абыроймен еңбек етіп жүрген ер азаматтарға жылы лебіздер айтылып, елге қызмет етудегі табандылықтары мен жауапкершіліктері жоғары бағаланды. Отанға адал қызмет ету жолындағы еңбектеріне сәттілік пен табыс тіледі. Іс-шара соңында ер азаматтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Мұндай құттықтаулар ұжымішілік ауызбіршілікті арттырып, мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеруге сеп болары сөзсіз. Қызметтестер арасындағы өзара сыйластық пен құрмет – сапалы мемлекеттік басқарудың негізі.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin