Түркістан облысы: Сауран ауданында бос жұмыс орындарына жәрмеңке өтті

Бүгін Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына жәрмеңке болып өтті. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қатысып, жұмыссыз жүрген азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасып кетуілеріне сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеде 6 мекемеден 74 бос жұмыс орны ұсынылған, жыл басынан бері 1110 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. 2024 жылы аудан бойынша 6840 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болса, жыл соңына дейін халықты жұмыспен қамту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Мансап орталығы арқылы өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 125 азамат қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан азаматтардың ішінен 20-ы жұмыс орындарымен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орнына — 8, жастар практикасына — 6, әлеуметтік жұмыс орындарына — 4, алғашқы жұмыс орнымен 2 азамат жұмыспен қамтылды.

“Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған” тұжырымдамасы аясында 2024 жылдың маусым айына дейін жобадағы бағдарламар бойынша 6368 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 2487 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу көрсеткіші 39%-ды құрап отыр. Оның ішінде, санаттары бойынша бөлінісі: жұмыссыздар — 1011, өзін-өзі қамтығындар — 1017, жұмыс іздеушілер — 970, 160 азамат композиттік қызметке тіркелді (композиттік қызмет жоспары — 220).

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin