Түркістан облысы: Сауран ауданында ведомствоаралық жұмысшы топ түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Бүгін Сауран ауданы әкімдігінің жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл — бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу. Халықтың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын ұйымдастыру.

Кездесуде ведомствоаралық жұмысшы топ тұрғындарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс еркін форматта, сұрақ-жауап негізінде өткізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin