
Сауран ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында баскетболдан 2013-2014 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында республикалық ашық турнир ұйымдастырылды.
Жарыс 2025 жылдың 11–14 мамыр күндері Жүйнек ауылдық округінде өткенін еске салайық. Турнирге еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара үздікді анықтау үшін тартысты ойын көрсетті. Бұл дода жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, командалық рух пен достықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Жарыс нәтижесі бойынша І орынды – Тараз қаласының командасы, ІІ орынды – Отырар ауданының командасы, ІІІ орынды Арыс қаласының командасы иемденді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.