Түркістан облысы: Сауран ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және отбасы құндылығын насихаттау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Ағымдағы жылдың 18 қарашасы күні Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жүйнек ауылдық округы Шыпан жалпы орта мектебінде жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және отбасы құндылығын насихаттау мақсатында Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жүйнек ауылдық округының инспекторы Р.Ташпулатов пен Жүйнек ауылдық дәрігерлік амбулаториясы психологы Р.Юлдашевтың қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу және одан шығу жолдарымен таныстыру, жастар мен жасөспірімдер арасында отбасы құндылықтарын насихаттау. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қалыпты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Мектеп табалдырығын аттаған баланың жан-жақты білім алып, құзыретті, рухани бай тұлға болып қалыптасуына ең бірінші ықпал ететін – ұстаз болса, оның сүйеніші — ата-ана. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Оқушының бойындағы тәлім-тәрбие мен білімділік мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда үйлесімділік табады.

Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік, баланың құқығын қорғау жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатігездіктен ада және зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қалыптастыру мақсатында тренинг жұмыстары жүргізілді.

Бұл ретте ескерер мәселе, отбасы — адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы.  Қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың, жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің жоғалуы, тәрбиенің төмендеуінің өте кең өріс алуы көрініс табуда. Дағдарыстың себебі, адамның рухани-адамгершілік тұрғыда ашығуы. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар деген не? Ол — ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Ал, отбасы құндылықтары дегеніміз — бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.

Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп, бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз – қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды. Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т. б жатады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.