Түркістан облысы: Сауран ауданында клубтың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сауран ауданында 4 мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб, 29 кітапхана бар. 2024 жылы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Бабайқорған ауылдық округінің орталығынан 120 орындық клуб-кітапхана ғимаратының құрылысы басталады. Жалпы құны — 366 миллион, қазіргі таңда 100 миллион қаржы қаралған. 

Оранғай, Үшқайық, Шаға ауылдық округтерінде клуб, кітапхана ғимаратын салу үшін жер телімдерінің құжаттары рәсімделді.

2023 жылы Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 466 миллион теңге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, 2024 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Қарашық ауылдық округінде орналасқан 420 орындық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық бюджетке қаржы бөлуге ұсыныс хат енгізілді.

Сонымен қатар, мәдениет саласын жан-жақты дамыту үшін            («Газель» автокөлігі, 18 орындық) қызметтік көлік алынды. Ұлтаралық татулықты ұлықтау мақсатында қазақ-өзбек ұлттары мен аспаптарынан құралған «Достық» және «Дильшод» ансамбльдері құрылды. 

Қазіргі таңда Түркістан облысында 264 мәдениет үйі мен клуб қызмет көрсетеді. Соның ішінде 3 қалалық, 14 аудандық мәдениет үйі, 122 ауылдық мәдениет үйі, 142 ауылдық клуб мекемесі бар. 204-нің ғимараты бар болса, 60-ы жекеменшік ғимараттар мен мектеп, әкімдіктерде жұмыс істейді. 204 мәдениет ошағының 60-ы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Соның ішінде 6 клуб мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Жетісай ауданында – 2, Мақтаарал мен Сайрам аудандарында, Сауран мен Шардара аудандарында – 1. Оның 3-еуі биыл аяқталса, 3 нысан келесі жылға өтпелі.

Мәдениет ошақтарының қасбеттері мен қоршаулары да назарда. Қазығұрт ауданындағы ағымдағы жөндеуді қажет ететін 11 мәдениет үйінің қасбеттерін жөндеу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында жариялану сатысында. Қалған 43 мәдениет мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстар атқарылу қажет. Сонымен қатар 14 мәдениет ошағының сыртқы қоршауын ретке келтіру керек. Алдағы уақытта тиісті аудан әкімдерімен бірлесе жұмыс атқарылады.

Өңірде жалпы 832 елді мекен бар. Олардың 7-і – қала (3 облыстық, 4 аудандық) және 181 округтегі 825 елді мекен. Облыстық маңызы бар 3 қаланың 2-і, 14 аудан орталығы, сонымен қатар 167 ауылдық округтің 147 округ орталығы және 41 елді мекен мәдениет нысанымен қамтылған.

Айта кетейік, биыл 6 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Атап айтсақ, Отырар ауданында – 2 (Ақтөбе, М.Шойманов), Сарыағашта – 1 (Қанағат), Қазығұртта – 1 (Қазығұрт), Төлебиде – 1 (Киелітас), Келесте – 1 (Жиделі) мәдениет ошағы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 мәдениет үйі кітапханасымен бірге пайдалануға берілген болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin