Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның кезекті апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда 2023-2024 жылдардағы білім саласының қорытындысы және 2024-2025 жылдарға арналған жаңа оқу маусымына дайындық барысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, 2024-2025 жылдарға жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек Қанағат хабарлама жасады.
Бұдан бөлек, «Сауран ауданының газ қызметі» КММ 2023-2024 жылдарға арналған жұмыстарының есебі туралы аталмыш мекеменің басшысы Кенжебай Жақсықылов, 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды қорытындылау және күзгі шақыру науқаны бойынша Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы Дильмурат Нұржанов баяндап өтті.
Күн тәртібінде мәселе бойынша Түркістан қаласы және Сауран ауданы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы, полковник Дильмурад Нұржановтың мәлімдеуінше, 2024 жылғы көктемгі мерзімге әскерге шақыруды қорытындылап, бекітілген жоспар орындалмағанын жеткізді. Межелік жоспарды орындамаған ауылдық округтерінің аттары аталып, жауапты мамандарына шара көруге ұсыныс берілді.
Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне орын алған кемшіліктер бойынша шұғыл түрде жұмыс істеуге нақты тапсырмалар берді.
Ал кеше Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша штаб отырысы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округі әкімдері қатысты.
Штабтың күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК аудандық филиалы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Сұлтанғалиұлы, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нүрділла Абдуллаұлы мен аудандық емхананың бас дәрігері Бахыт Еркінбекұлы баяндама жасады.
Жиында конга қырым қанды геморрагиялық қызбасына қарсы күресті күшейту шаралары талқыланды. Қауіпті деген аймақтарды залалсыздардыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді күшейту жайы сөз болды. Ол үшін аудан әкімі ауыл округ әкімдеріне қауіпті аймақтарды қатаң бақылауда ұстау керектігін тапсырды.
Аудандық емхана тарапынан конго-қырым қанды геморрагиялық қызбасының алдын бағытында ауыл тұрғындары мен семинарлар өткізіліп, тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәлімдеуінше 2024 жылға І кезең көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген. Ағымдағы жылға кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары аудан бойынша жалпы көлемі 7.680 000 шаршы метрді құрайтын 5 елді мекенге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Штаб отырысын қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауды, төтенше жағдайда жедел қызмет көрсету керектігін қатаң ескертті.
Төтенше жағдай демекші, облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдіктеріне 2024-2025 жылдарға арналған облыс аумағындағы көктемгі су тасқыны мен селдің алдын алу бойынша тапсырма берген болатын. Осы негізде Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округінде болды. Онда су тасқынының алдын алу шараларын бақылауға алып, арнайы тексеріс жүргізді.
Су тасқыны ауа райы температурасының кенет көтерілуі, қардың қарқынды еруі, нөсер жаңбыр, өзен, көлдегі судың көтерілуі нәтижесінде туындайды. Осы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ауданымызда қарқынды шаралар атқарылуда. Атап өтетін болсақ, Үшқайық ауылдық округі Қарашық өзені ұзындығы 12 шақырымды құрайтын арнаны тазалау жұмыстары жүргізілуде. Арнаны ашу үшін арнайы техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар кеше Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың жеке қабылдауына ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғыны тұрмыстық жағдайына байланысты әлеуметтік көмек сұраса, «Иқан Тазалық» мекемесінің басшысы атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, ауыл тұрғындарын келісім-шартқа тұрғызу, ауылдық округтегі полигон орнын сенімгерлік басқаруға беруін алға тартты.
Ал, Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны жер комиссиясының хаттамасы шыққанын, алайда әлі күнге дейін қаулы шықпай жатқандығын мәлім етті. Сонымен бірге, Шорнақ ауылдық округіндегі көліктерге арналған айып тұрағының электр қуатының ақысы төленбегенін, 3 қызметкердің 2 ай көлемінде жалақы ала алмай жүргендігін жеткізді. Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны қызын тұрақты жұмысқа тұрғызып беруін сұранды.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша қолдау көрсетіп, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.
Бұдан бөлек кеше Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов Үшқайық ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, жаңа Әдеп кодексінің талаптарын кеңінен түсіндіріп өтті. Жаңа редакцияда бекітілген Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосатынын жеткізді.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігін айтты. Сонымен бірге, қызметшілердің мемлекеттік саясатты ұстануына, қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына, жүріс-тұрыс ережелеріне тоқталып өтті.
Сонымен қатар, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Біздің қоғамның әрбір толыққанды мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін атап өтті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.