Түркістан облысы: Сауран ауданында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға жағдай жасау бойынша жиын өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан және оған қарасты ауылдық округтерде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымының бейімделуі жөніндегі тұрақты жұмысшы тобының отырысы өтті. Жиынға тұрақты жұмысшы топ мүшелері және тиісті бөлімдер мен ауылдық округтерінен мамандар қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасының 26 тармағы бойынша бекітілген нысандардың қазіргі таңда орындалуы, Сауран ауданы прокурорының 2023 жылғы 29 мамырдағы ұсынымындағы кемшіліктерді жою, 2024 жылға мүгедектігі бар адамдарға бекітілген жұмыс орындары квотасының орындалуы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек баяндама жасады.

Мүгедектігі бар адамдар – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Қазастан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:  

  • әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
  • мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;
  • кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
  • инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;
  • өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
  • мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

  • Мемлекеттікжәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
  • Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
  • Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлеріжәне өзге де ұйымдармен.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ.

  1. Жұмыс орындарын квоталау.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар (ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2-ден 4% — ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді.

  1. Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру.

Механизм шеңберінде мүгедектектігі бар адамдарға арналған жұмыс орнын жабдықтаған және арнайы жұмыс орнын құрған жұмыс берушінің шығындары өтеледі.

2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің шығыстары 300 АЕК мөлшерінде бекітілді және өтеледі.

Бұдан басқа, жабдықталған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады:

  • бірінші жылы жалақының 70% — мемлекет субсидиялайды (бұл ретте субсидияланатын бөлік 30 АЕК-тен (103,5 мың теңге)аспауға тиіс), 30% — жұмыс беруші субсидиялайды;
  • екінші жылы 65% — мемлекет, ал 35% — жұмыс беруші;
  • үшінші жыл 60% — мемлекет, ал 40% — жұмыс беруші.
  1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылады.

Ұлттық жоба шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтуге, «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) базасында онлайн оқытудан өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар алуға, «Ұрпақтар келісімшарты», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» жобаларына қатысуға, сондай-ақ, «Жастар практикасы» жобасына жастар қатарындағы адамдар алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін ала алады.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге аптасына ұзақтығы отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын қосымша ақы төленетін еңбек демалысы ұзақтағы кемінде алты күнтізбелік күнге беріледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және денсаулығына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мүгедектік кезеңі бар зейнетақы аударымдардан мерзімсіз босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын төлеу мүгедектігі бар адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен реттеледі.

Қазақстан 2015 жылы БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялады, осылайша мүгедектігі бар адамдарды қоғамға толыққанды интеграциялауға бағытталған шаралар кешенін одан әрі іске асыру бойынша міндеттеме алды.

2019 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда, оның шеңберінде әлеуметтік оңалту және абилитациялау, кедергісіз ортаны және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда.

2023 жылы мүгедектердің құқықтары жөніндегі Конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланды.

Мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде:

— әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек және қолдау;

— мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру шектеулерін еңсеруі үшін жағдай жасауға, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешенін ұсыну арқылы ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, әлеуметтік оңалту.

— өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі ұсынылады, оған қызметтердің 8 түрі кіреді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.

Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі |Уәкіл, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері, мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін білдіретін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.

Үйлестіру кеңесінің мақсаты мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау, құқықтарын іске асыру және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 4 өңірде (Абай, Павлодар, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы) пилоттық жоба іске қосылды.

Жобаның негізгі мақсаты — үздіксіз оңалту және оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын жеке таңдау арқылы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Мүгедектігі бар адамның МӘС бөлімдеріне бармай-ақ тек медициналық мекемеге жүгінуін көздейтін сырттай проактивті форматта медициналық – әлеуметтік сараптама (бұдан әрі — МӘС) жүргізу жөніндегі пилоттық жоба жалғасуда.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Объектілерді бейімдеу бойынша әкімдіктердің жұмысы туралы толық ақпарат «Қолжетімділіктің интерактивті картасында» («Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы) (inva.gov.kz) орналастырылады.

Объектілерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге жауапты жергілікті атқарушы органдар Қолжетімділіктің интерактивті картасы бойынша жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу жөніндегі ақпаратты тұрақты негізде өзектендіреді. Компьютерден немесе ұялы телефоннан мүгедектігі бар адам үйден шықпай-ақ белгілі бір объектіге барар алдында оның қолжетімділік дәрежесін көруге мүмкіндігі бар.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібіндегі айтылған кемшіліктер бойынша тез арада жою бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin