Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік кірістер басқармасы, экономика және қаржы бөлімі, полиция департаментінің қызметкерлері өзара бірлесіп, мүлік және көлік құралдарының салығын уақытылы төлемеген тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейдтің шараның мақсатына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдарына салынатын салық берешегін өндіріп және жеке тұлғалардың көліктерін анықтап, берешегін өтегенге дейін айыппұл тұрағына қою бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы рейдтік шара алдағы уақытта да тұрақты жүргізілетін болады.
Осы ретте есте сақтайтын жайт, жеке тұлғалар көлік құралдарына салынатын салықты 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі тиіс. Ставкалар салықтар айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) белгіленеді және қозғалтқыштың қуатына байланысты. Сіз салық сомасын «e-salyk azamat» мобильді қосымшасындағы калькулятордың көмегімен, «@salyqbot» чат-бот жедел хаттарының көмегімен немесе «www.kgd.gov.kz» порталы арқылы есептей аласыз.
Сонымен қатар, салық органдары есептеген алдағы салық сомалары ағымдағы айда «Каспий банкі» АҚ мобильді қосымшасының пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады. Салықты екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында немесе «Қазпошта» арқылы да төлеуге болады.
Жеке тұлғалар көлік салығын автокөлікті тіркеу есебі бойынша емес, иесінің тұрғылықты жері бойынша төлейді. Салықты мерзімінде төлемеген жағдайда, мерзімі өткен әрбір күн үшін ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептелетінін еске салды.
Бұдан басқа, борышкерге орындау мерзімі 30 жұмыс күні болатын берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Осыдан кейін, егер борыш сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, борышкерге 5 жұмыс күні ішінде өтелуі тиіс берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі.
«Берешек өтелмеген жағдайда, мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында салық бұйрықтары сот орындаушыларына жіберіледі, олар борышкерлерге қатысты шараларды, оның ішінде мүлікке және банктік шоттарға тыйым салуды, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеуді қолданатын болады. Сонымен қатар, қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары ұсталады» — дейді сала мамандары.
Сонымен қатар, борышкерлер банктік шоттар аша алмайды, аударымдар жасай алмайды, несие рәсімдей алмайды және т.б. Жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде салық берешегін өтеу туралы хабарламаларды тапсыру арқылы жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін жол полициясы қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлескен рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ шығарылған қаулы бойынша борышкердің автокөлік құралын (айыппұл тұрағына үй-жай) пайдалануды шектеу жаңартылатын болады. Қазіргі таңда Сауран ауданында салық берешегін өтемеген азаматтарды анықтау және мәжбүрлеп өндіру мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіліп жатыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.