Сауран ауданы әкімдігінде ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен қызмет алушылар күніне арналған іс-шара өтті.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» негізінде жүзеге асты.
Мемлекеттік қызмет алушыларға ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, субсидиялар, геоақпарат жүйесі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау салалары бойынша қызмет көрсетушілер тарапынан азаматтарға кеңес берілді.
Жиында ауыл шаруашылығы бөлімінің бас мамандары Ерлан Мұратұлы мен Мағжан Абдиғаппарұлы қатысып, халықтың сұрақтарына жауап берді. Жобаның нәтижесі халықтың нысаналы түсіндіру іс-шараларымен қамтуға, көрсетілетін қызмет алушылардың проблемалық мәселелері мен оларды шешуге кеңестер берді. Өз кезегінде, аталған шара түрлі тақырыптық салалар бойынша ауданда ай сайын өткізілетін болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.