Түркістан облысы: Сауран ауданында Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері және тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, аудан көлемінде әйелдердің жұмыссыздығын азайту бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, әйелдер репродуктивті денсаулығын қорғау туралы: ана мен бала бөлімінің мәселелері туралы емхана басшысының емдеу және профлилактика ісі жөніндегі орынбасары Әсел Қоңырбаева, аудан көлемінде әйелдердің құқық бұзушылық және зорлық зомбылық фактілері бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Оразалы Қаржаубаев баяндама жасады.

Бүгінгі күні Қазақстан әлем елдері арасындағы гендерлік теңдік индексі бойынша (Global Gender Gap Report 2023) 146 елдің ішінен 62-орында. Ресми дерек көздеріндегі мәліметке сәйкес, еліміздің еңбек нарығында 4,3 миллион әйел бар. Ұлттық статистика бюросының есебіне сүйенсек, әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде 2030 жыл­ға дейін атқарушы органдардағы басшы әйелдердің үлесін 2023 жылы 25%-ға, 2027 жылға қарай 27%-ға, 2030 жылға қарай 30%-ға жеткізу көзделген.

Ал Түркістан өңірінде әйелдер қауымы барлық салада жемісті еңбек етіп жатыр. Облыс көлемінде 200 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығын шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтары құрайды.

Комиссияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жұмыстарды жандандыру бағытында бірлесе шешім қабылданды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin