Сауран ауданында интернет мәселесі бұған дейін аудан әкімінің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан тұрақты көтеріліп келген. Осы аталған мәселені қолға алған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындардың мәселесін шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылдың жоспарына сәйкес, «Кар-Тел» ЖШС және «Кселл» АҚ операторлары тарапынан 8 елді мекенге (Бабайқорған, Ынталы, Аша, Шорнақ, Ибата, Ескі Иқан, Жүйнек, Қарашық) жаңа базалық станция қойылу жоспарланған. Қазіргі таңда антенна орнату орындарына жер рәсімделіп, қажетті жұмыстар жүргізілуде.
Жоғарыда аталған 8 елді мекенге антена-мачталық құрылғысы орнатылды. Алдағы уақытта 4G стандартын қолдайтын базалық станция орнатылатын болады. Техникалық жұмыстар ағымдағы жылы аяқталады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.