Жүйнек ауылдық округінің 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мәлім болды.
Сонымен… Жүйнек ауылдық округі 3 елді мекеннен құралған, атап айтсақ, Жүйнек, Шекербұлақ, Шыпан елді мекендері. Жүйнекте — 6773 адам, Шекербұлақта — 1908 адам, Шыпанда 2654 адам мекендейді. Оның ішінде қазақтардың үлесі — 2760, өзбектер — 8505, әзірбайжан 70 адамды құрайды. Ұзын-ырғасы 11335 адам тұрады.
Ауылдық округтің бюджетіне келсек, Жүйнек ауылы әкімі аппаратына 2023 жылда барлық шығындарын өтеуге 164 миллион 702 мың теңге бөлініп, қаржы кезең-кезеңмен толық игеріліп келеді.
Салықтық түсімдер бойынша да едәуір ілгерілеу байқалады. Оған төмендегі кестеге үңіле отырып көз жеткізуге болады:
Салық түрлері | 2022 жылы 9 айда орындалғаны
(мың теңге) |
2023 жылы 9 айда орындалғаны
(мың теңге) |
2022 — 2023 жылдың 9 айына салыстыру % | 2023 жылға жоспар |
Мүлік салығы | 857 | 780 | 91 | 1842 |
Жер салығы | 120 | 188,9 | 157,4 | 300,0 |
Көлік салығы | 6611 | 7850 | 119 | 12373 |
Жалпы | 7588 | 8818,9 | 116 | 14515 |
Әлеуметтік сала бойынша бірер мәлімет. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылы 9 айда атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтар саны 101-ге жетті. Олардың ішінде 81 отбасыға тағайындалып, 15 546 147 теңге төленді, қалған 30 отбасы кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады.
Ал ақылы қоғамдық жұмысқа 42 азамат, жастар практикасына 34 азаматтар жұмысқа жіберілген екен.
Мәдениет саласына ойыссақ. Жүйнек ауылдық округінде қазіргі таңда 1 мәдениет үйі және 3 елді мекенде 3 кітапхана жұмыс істеп тұр. 9 айда 36 іс-шара өткізіліп, жалпы 1397 адам қамтылған. Мәдениет үйі 300 орынға шақталған залдан, биге және басқа да үйірмелерге арналған бөлмелерден тұрады.
Кітапханалардағы жалпы кітап қоры – 28 463 кітап, оның ішінде қазақ тіліндегісі: 17184.
Енді ауыл шаруашылығы туралы да тілге тиек етейік. Алдымен егін шаруашылығы саласына тоқталсақ. Жүйнек ауылдық округінің жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері 49007 гектарды құрап отыр. Оның ішінде:
1. | Суармалысы: | — | 4073 гектар; | |
2. | Жайылымдық жер: | — | 29693 гектар; | |
3. | Шабындық аумақ: | — | 1176 гектар; | |
4. | Жылыжай шаруашылығы: | — | 3,65 гектар. |
2023 жылға арналған жоспар бойынша 4300 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары жүргізілді.
Жүйнек ауылдық округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5602 гектар жайылым жер шаруа қожалықтарының келісімімен елді мекен тұрғындарының үй жануарларын жаюға ортақ жайылым ретінде пайдалану үшін ауыл әкімдігімен меморандумға тұрғызылды.
Мал шаруашылығы саласының көрсеткіштері де тәп-тәуір. Мәселен, 2022 жылғы 9 аймен салыстырғанда ірі қара мал — 117,7 пайызды, қой мен ешкі — 143,8 пайызды, жылқы — 149,8 пайызды, түйе — 155,7 пайызды, құс 93,3 пайызды құрады. Нақтырақ мәліметтерге қанығу үшін төмендегі кестеге назар аударыңыздар:
Мал түрі | 01.10.2022 жыл | 01.10.2023 жыл | Пайыз
% |
ірі қара мал (бас) | 8749 | 10298 | 117,7 |
қой — ешкі (бас) | 47143 | 67794 | 143,8 |
жылқы (бас) | 1050 | 1573 | 149,8 |
жүйе (бас) | 140 | 218 | 155,7 |
құс (дана) | 7287 | 6801 | 93,3 |
Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту салаларында да бірқатар алға жылжуды аңғарып отырмыз. Таратып айтсақ, Жүйнек ауылдық округі бойынша шағын және орта бизнес базалары төмендегідей: Заңды тұлғалар — 1, кооператив — 3, шаруа қожалықтары — 273, сауда дүкені — 30, жанар-жағармай бекеті — 1, шаштараз — 1, авто жөндеу шеберханасы — 3, дәріхана — 2, тойхана — 2, дәмхана — 2, монша — 2, қызмет көрсету орны — 1, ағаш ұстаханасы — 1, шлакоблок шағаратын цех — 2.
2023 жылдың есепті кезеңінде 40 жеке кәсіпкер тіркелген және 30 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсету үстінде, 10 кәсіпкер басқа кәсіп түрлерімен айналасуда.
Коммуналдық сала бойынша саусақ бүгіп, санасақ, ауыз толтырып айтатын бірқатар шаруалар атқарылған. Жүйнек ауылдық округінде 9 айда:
- Шекербұлақ елді мекеніндегі Түркістан көшесінің бойына қуаттылығы 160 кВА болатын 1 трансформатор іске қосылды.
- Шыпан елді мекеніндегі Бабыр көшесінің бойына қуаттылығы 160 кВА болатын 1 трансформатор іске қосылды.
- Орталық стадионға қуаттылығы 25 кВА болатын 1 дана трансформатор орнатылды, құдық қазылды, сметалық құны 6 073 692 теңгені құрады.
- Жүйнек елді мекенінде 1 дана су мұнарасы демеушілер көмегімен жөндеуден өткізілді.
- Жүйнек елді мекеніндегі облыстық маңызы бар автомобиль жолы бойында орналасқан көпшілік пайдаланып отырған ауыз су тарату жүйесінің алдына демеушілер көмегімен асфальт төселді.
- Шекербұлақ елді мекені Түркістан көшесінің бойына жылдамдық өлшегіш (айыппұл) бейнебақылау камерасы орнатылады.
- Жүйнек елді мекеніндегі Қуаныш көшесін орташа жөндеу (асфалттау) жұмыстары жүргізіледі. Сметалық құны 51 277 540 теңге (жеңімпаз мердігер «Жайлау Агро» ЖШС, жеңіп алған суммасы 38 080 000 теңге) болып отыр.
- Шыпан елді мекеніндегі Ғасыр көшесін орташа жөндеу (асфалттау) жұмыстары жүргізіледі. Сметалық құны 26 197 290 теңге (жеңімпаз мердігер «Жайлау Агро» ЖШС, жеңіп алған суммасы 19 488 000 теңге) болды.
- Жүйнек елді мекенінде орналасқан орталық стадионды ағымдағы жөндеуден өткізілуде, Сметалық құны 15 254 000 теңге (мердігердің жеңіп алған суммасы 7 626 921 теңге) көлемін құрап отыр.
- Жүйнек ауылдық округіндегі электр қуаты төмен аумаққа қосымша 1 трансформатор орнатылады (Ордабасы көшесіне орналастыру, жеңімпаз мердігер «SBS group company» ЖШС, жеңіп алған сомасы — 9 357 085,92 теңге ).
Сөздің орайы келгенде, Жүйнек ауылдық округі аумағынад жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстарды да атап өтсек.
- Жүйнек елді мекеніндегі ауыз су қамтылмаған аумағына ауыз су жүйелерін жүргізіледі. Сметалық құны 10 332 000 теңгені құрайды.
- Жүйнек елді мекенінің тұрғындарын толық ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз су жүйесіне 1 су мұнарасын орнату.
- Жүйнек ауылдық округіне қарасты елді мекендеріне қойылған су мұнарасын қосуға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сметалық құны — 19 094 000 теңге көлемінде.
- Жүйнек елді мекенінде орналасқан Алмасбай тоғанын ағымдағы жөндеуден өткізу, Сметалық құны 14 971 810 теңге болып бекітілді.
Сонымен қатар Жүйнек ауылдық округінде қосымша бюджет қаражатына ұсынылатын жұмыстар да баршылық. Мәселен:
- Шекербұлақ елді мекеніндегі Абылайхан көшесін орташа жөндеу (асфальттау). Сметалық құны 29882,0 мың теңгені құрайды.
- Жүйнек елді мекеніндегі Абай Құнанбаев, Бәйтерек, Түркістан көшелеріне жарықтандыру (150 вт лампа, қуаттылығы 250 кВА трансформатор орнату). Сметалық құны — 86062,47 мың теңге;
- Шекербұлақ елді мекеніндегі Абылайхан, Ғ.Мұратбаев көшелеріне жарықтандыру (150 вт лампа, қуаттылығы 250 кВА трансформатор орнату). Сметалық құны — 27625,81 мың теңге;
- Шыпан елді мекеніндегі Бабыр, Ордабасы көшелеріне жарықтандыру (150 вт лампа, қуаттылығы 250 кВА трансформатор орнату). Сметалық құны — 20845,0 мың теңге;
- Жүйнек ауылдық округіндегі елді мекендерге трансформатор орнату. Сметалық құны -12846,0 мың теңге.
Әскер қатарына шақыру бойынша да бірер ақпарат бере кетейік. Жүйнек ауылдық округі бойынша 2023 жылы көктемгі әскерге шақырылушылар туралы мәлімет төмендегідей:
№ | Барлық шақырылушылардың саны | Дәрігерлік сараптамадан өткендер саны | Оның ішінде ОДС іріктелгені | Әскерге кеткені |
1 | 271 | 30 | 8 | 8 |
Жалпы құжат айналымына келсек, жалпы құжат айналым жұмыстары тұрақты жүргізілуде екен.
Кіріс құжаттар саны — 583, шығыс құжаттар саны — 689. «Е-өтініш» арқылы заңды тұлғалардан — 5, жеке тұлғалардан — 208, «Е-лицензия» арқылы 27 өтініш түсіп, уақытылы жауап берілген.
Ауыл әкімі Жүйнек ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді жасырмайды. Солардың бірнешеуін санамалап берді.
- Бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүйелерін жүргізу.
- Жүйнек ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі Сарыарқа және Абылайхан көшелеріне асфальт төсеу.
- Жүйнек елді мекеніндегі Абай Құнанбаев көшесіне тас төсеу.
- Жүйнек ауылдық округіне қарасты Жүйнек елді мекеніне ауыз сумен толығымен қамтамасыз ету үшін қосымша 1 скважина қазу.
- «Ораңғай Коммуна» арығын лотоктау.
- Шыпан елді мекеніне балалар ойын алаңшасын салу.
- Жүйнек ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу.
- Жүйнек ауылдық округіне қарасты 3 елді мекендердегі маңызды көшелерін жарықтандыру.
- Жүйнек елді мекеніндегі Түркістан көшесінің қалған 3,5 шақырым жерін жарықтандыру.
- «Ораңғай Коммуна» арығын лотоктау.
- Жүйнек ауылдық округіне қарасты 3 елді мекендегі электр көзі жетіспейтін 3 көше бойына қосымша трансформаторлар орнатып, ескі электр бағаналарын алмастыру қажет.
- Жүйнек елді мекені Қуаныш көшесіне трансформатор орнату және трансформаторды қосу үшін жоғары кернеулі электр жүйелерін жүргізу.
- Жедел жәрдем көлігінің және мектеп оқушыларын тасымалдау кезінде қауіпті болып тұрған Жүйнек елді мекеніндегі 2 көпірді күрделі жөндеуден өткізу қажет.
- Шекербұлақ елді мекеніндегі көпірді ағымдағы жөндеуден өткізу.
Атап өтер жайт, Жүйнек ауыл округінің орталығы – Жүйнек ауылы.
Елді мекендері — Жүйнек, Шекербұлақ, Шыпан. Халық саны — 10134 адам.
Округтің жалпы жер көлемі — 45835 гектар. Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 23510 гектар;
суармалы жері — 293 гектар;
жайылым жері — 18869 гектар; шабындық жері — 348 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Ұсақ мал |
1 | Жүйнек | 174 | 1123 | 6430 | 38607 |
2 | Шекербұлақ | — | 86 | 1537 | 2485 |
3 | Шыпан | 2 | 81 | 1816 | 1405 |
Барлығы: | 176 | 1290 | 9783 | 42497 |
Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:
№ | Елді ме кен | Ветеринариялық станция лар | Ұсақ малдарды шомылдыру орындары | Жасанды ұрықтандыру пунктері | Биотермия лық
шұңқырлар |
1 | Жүйнек | 1 | 1 | 1 | — |
2 | Шекер- бұлақ | — | 1 | — | — |
3 | Шыпан | — | 1 | — | — |
Барлығы: | 1 | 3 | 1 | — | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:
№ | Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескер- ту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қазан |
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:
№ | Елді мекен- дер | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||
Жы- лқы | Гектар но- масы | Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара | ||
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Жүйнек | 1123 | 9 | 10107 | 6430 |
2 | Шекер- бұлақ | 86 |
9 |
774 |
1537 |
3 | Шыпан | 81 | 9 | 729 | 1816 |
Барлығы: | 1290 | 9 | 11610 | 9786 |
Гектар норма сы | Қажетті жай ылым, гектар | Ұсақ мал | Гектар норма сы | Қажетті жай ылым, гектар |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
8 | 51440 | 38607 | 2 | 77214 |
8 | 12296 | 2485 | 2 | 4970 |
8 | 14528 | 1405 | 2 | 2810 |
8 | 78264 | 42497 | 2 | 84994 |
«ANYQ.KZ»-ақпарат.