Сауран ауданының Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Жұмахметұлы Қуандық 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Айтуынша, мұндағы жалпы халық саны 8874 адамға жеткен. 1441 отбасы бар. Оның ішінде Оранғай ауылында — 925 отбасы, яғни 5496 адам, Бостандық ауылында — 271 отбасы, яғни 1564 адам, Қосқорған ауылында — 245 отбасы, яғни 1814 адам тұрады.
Демографиялық деректерге үңілсек, ауылда 2023 жылдың 9 айында 108 (2022 жылы — 206) сәби дуниеге келген екен. Ал қайтыс болғандар саны — 14 (2022 жылы — 21).
Ауыл округі бойынша 2023 жылдың 9 айында салық түрлері бойынша тапсырманың орындалуын төменде кесте түрінде назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сонымен…
№ | Салық түрі | Жылдық жоспар,
мың теңге |
9 айдағы
Жоспар, мың теңге |
Нақты
9 айдағы орындалуы, мың теңге |
Орындалу пайызы % |
+ |
— |
1 | Жер салығы | 100.0 | 100,0 | 109,0 | 100 | 9,0 | |
2 | Мүлік салығы | 2200,0 | 1615,0 | 2141,0 | 132,5 | +526
|
|
3 | Көлік салығы | 10255 | 5240 | 10719 | 195,0 | +464 | |
4 | Жеке табыс салығы | 0 | 0 | 2047,0 | 100% | +2.6 | |
5 | Заңды тұлғаның көлік салығы | 20,0 | 10 | 25,19 | 126 | 5,2 | |
Барлығы | 12575 | 5250 | 15042 | 146,7 | + 953 |
Оранғай ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару есепшотына түскен қаржы бойынша 2023 жылдың 9 айында тапсырманың орындалуы туралы мәліметті төменде кесте түрінде қарастырдық.
№ | Атауы | Жылдық
жоспар |
Жоспар
9 ай, мың теңге |
Нақты
9 ай, мың теңге |
Орындалу пайызы |
1 | Жалға беруден түскен төлем |
0 |
0 |
0 |
0 |
2 | Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырған үшін төлем |
20.0 |
20,0 |
20,1 |
100 |
3 | Демеушілік көмегімен тартылған төлем |
90,0 |
|||
Барлығы |
20.0 |
20 |
8110,0 |
100 |
- Елді мекендерді абаттандыру бойынша 1450,0 мың теңге бөлінген, жұмыстары үшін 598,0 мың теңгеге ауыл ішін әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде.
- Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстары үшін 200,0 теңге бөлінген.
- Спорттық іс-шараларды өткізу үшін 300,0 мың теңге бөлінген.
- Оранғай ауылының автомобиль жолдарының шұңқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 711,0 мың теңге бөлінген.
- Мүгедектерге жайлы орта қалыптастыру үшін 690,0 мың теңге бөлініп, ауыл әкімдігінің ғимаратына пандус, тақта және мүгедектердің автотұрағы жасалды.
- Аудандық бюджеттен 1000,0 мың теңге бөлініп, әкімдік ғимаратының аумағынан мүгедектерге арналған әжетхана салынды.
- Округ көшелеріндегі жарық шамдарының электр қуаты үшін 9 734,0 мың теңге төленді.
Жалпы, Сауран ауданы әкімдігінің «Оранғай ауылдық округ әкімінің аппаратының» 2023 жылдық жоспары 111 037,0 теңге болып бекітілген. Ал, 9 айда жоспар 21 821,4 мың теңге, игерілуі 100 пайызды құрап отыр.
Атап айтқанда:
124001015 — Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын қамтамасыз ету үшін, жоспар 17 758,4 мың теңге болса, 5 айда 17 758,4 мың теңге игерілген, орындалуы 100 пайызды құрады.
124 028 015169 — Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шара бағдарламасы бойынша жоспар 300,0 мың теңге болып бекітіліп, мемлекеттік сатып алу порталына баға сұрату бойынша жарияланды.Осы бойынша, 138,8 мың теңгеге жеңімпаз анықталып, жақын арада іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда.
124 006 015 159 — Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша жыл басында жоспар 200,0 мың теңге бекітіліп, баға сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. Нәтижесінде 111,1 мың теңгемен жеңімпаз анықталып, іс-шара өткізу жоспарлануда.
124011015159 — Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша жоспар 1450,0 мың теңгеге болып бекітіліп, мемлекеттік сатып алу порталына баға сұрату бойынша жарияланды.Нәтижесінде 598,0 мың теңгеге мердігер ұтып, жұмыстарын атқаруда.
124 009 015 159 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 1200,0 мың теңге болып бекітіліп, мемлекеттік сатып алу порталына баға сұрату бойынша жарияланды. Нәтижесінде 499,9,0 мың теңгеге мердігер ұтып, жұмыстарын атқаруда.
124008 015 159 — Елді мекендерді көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша, Оранғай ауылдық округі, Түркістан көшесіне, Оранғай ауылы Бейбітшілік көшесіне, КТП электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы үшін және Оранғай ауылы, Тастақ көшесіне жарық шамдар бағаналарын орнату үшін мемлекеттік сатып алу порталына баға сұрату бойынша жарияланды. Бірақ порталда жеңімпаздарды күту уақыты аяқталмауына байланысты, жеңімпаздар анықталмады.
Сонымен қатар, жылдарға өту сатысымен жұмыс атқару бойынша, Оранғай ауылы, Бостандық елді мекені, Мешіт көшесіне асфальт-бетонды орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылдың маусым айында сол аймаққа жұмысты жандандыру жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан тірліктерге тоқталсақ. Ауыл әкімінің сөзіне сенсек, Оранғай ауылдық округі бойынша жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындары мыналар: «Тас жол» ЖШС – гпс, асфальт, «Майшай су» ЖШС – гпс, шебен, «Кас-Ай» ЖШС – гпс, шебен, «Фахри строй бетон» — дайын бетон, газоблок, «Досан Ата» дайын бетон өнімдерін шығарады. Ал «Яссы құс» шаруа қожалығы 80 мың бас тауық өсірумен айналысуда,18 азамат жұмыспен қамтылған.
Оранғай ауылдық округі бойынша жеке негізгі капиталға салынған инвестиция 1862600,0 миллион теңге мөлшерінде жоспарланып, оның 1892700,0 миллион теңгесі игерілген. Орындалуы 102 пайызға жеткен.
Кәсіпкерлік саласында бірнеше нысандар елдің игілігіне қызмет көрсетуде. Жергілікті бюджеттің салық төлеу базасын құрайтын барлық субьектілерді қайта түгендеу жұмыстары жүргізіліп, салық төлеуіне жататын салық базаларының есебі алынды. 34 нысан, 101 жеке кәсіпкер, 182 шаруа қожалығы бар екен.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша да мол мағлұмат бере өтейік. Оранғай ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі туралы мәлімет кесте түрінде төменде берілді.
Жер көлемі: Барлығы | 47579 гектар |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде: | 16742,0 гектар |
Суармалы | 2300,0 гектар |
2023 жылы ауылдық округке қарасты жалпы көлемі 2670 гектар жерге түрлі дақылдар егіліпті. Ал 2024 жылғы өнім ретінде күздік бидай 285 гектар алқапқа егілген. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына Оранғай ауылдық округіне бөлінген жеңілдетілген жанар-жағармай 220 тоннаны құраса, алынғаны 180 тонна екен. Егін шаруашылығына қатысты толық ақпаратты кесте түрінде ұсынбақпыз.
№ | Егістік түрі | Өлшем
бірлігі
|
Егілген егіс көлемі |
1 | Күздік бидай | гектар | 285 |
2 | Жаздық бидай | гектар | |
3 | Мақта | гектар | 250 |
4 | Мақсары | гектар | —— |
6 | Бақша | гектар | 450 |
7 | Көкөніс | гектар | 425,0 |
8 | Картоп | гектар | 13,77 |
9 | Дәндік жүгері | гектар | 300 |
10 | Сүрлемді жүгері | гектар | 60 |
11 | Ескі жоңышқа | гектар | 650 |
12 | Жаңа жоңышқа | гектар | 250 |
Барлығы | 2670 |
Енді Оранғай ауылдық округі бойынша үш жақты келісімдегі тапсырмалардың 2022 жылы атқарылған жұмыстары туралы мәліметінің түсіндірмесіне де тарқата тоқталып өтсек.
Негізгі капиталға салынған жеке инвестицияның жоспары 550 миллион теңге болса, асыра орындалған – 677 537 мың теңгені құрады. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестицияларға келсек, «Әл-Береке» ЖШС 30 миллион теңгеге құрал-жабдықтар алған екен.
Егістік жердің игерілуі бойынша 2600 гектар жер жоспарланып, ол көрсеткіш 2665 гектарға жеткен. Яғни орындалуы 102 пайызды құрады.
Оранғай ауылдық округінде 20 шаруа қожалығы 2-3 өнім алу жобасына қатысқан.
Жылыжай шаруашылықтарын дамытуға келсек, жалпы жүзеге асқаны – 0,68 гектар.
Тамшылатып суғару әдісін енгізу бойынша Сапиділлә Асетовтің 40 гектар аумақтағы шаруашылығын тілге тиек етуге болады.
Ал қарқынды бау 40 гектар егіліпті.
Ауыл шаруашылығы техникалары да жыл өткен сайын жаңаланып келеді, жыл басынан бері 6 техника алыныпты.
Аналық мүйізді ірі қараны тұқымдық түрлендіру 361 басты құрап, 50 пайызға жеткен.
Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізу көрсеткіші 256 басты құрап, жоспар 70 пайызға жеткен.
Мал шаруашылығы саласы бойынша да толыққанды ақпаратпен бөліскенді жөн көрдік. Оранғай ауылдық округі бойынша жалпы мал басы саны туралы деректерді төменде кесте түрінде ұсынып отырмыз:
Мал түрлері | 30.12.2022 жылы | 01.01.2023 жылы |
Ірі қара мал | 4352 | 4352 |
Уақ мал | 24896 | 24896 |
Жылқы | 550 | 550 |
Түйе | 49 | 49 |
Құстар | 6065 | 6065 |
«Яссы» құс шаруа қожалығы | 80000 | 80000 |
Сөздің орайы келгенде, Оранғай ауылдық округіндегі денсаулық сақтау саласы бойынша да мәлімет бере өтейік. Округ аумағында 1 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік тірек жұмыс атқарады. Жалпы, медицина саласында 46 адам жұмыс істейді.
Білім беру саласы туралы. Оранғай ауылдық округінде білім беру саласы бойынша 3 мектеп жұмыс істейді, жалпы оқушылар саны — 2024, мектеп қызметкерлерінің саны – 271. Округ бойынша мемлекеттік — 1, жеке меншік 2 балабақша бар. Онда 300 бала тәрбиеленуде, 70 қызметкер еңбек етеді. 2022 жылы Қосқорған ауылында жеке кәсіпкердің бастамасымен 75 орындық балабақша ашылды. Оранғай ауылынан 150 орындық жаңа мектептің құрылысы басталып, қарқынды жұмыстар атқарылып келеді.
Әлеуметтік сала бойынша да атқарылған шаруа біршама. Айталық, ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2023 жылдың 9 айында жалпы 36 отбасыға (7 шартсыз, 29 шартты) 17 955 037 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, әлеуметтік пакет берілген екен.
«Қамқорлық» бағдарламасы аясында Оранғай ауылдық округі бойынша тұрмысы төмен және көп балалы 2 отбасыға 240 мың теңге көлемінде азық-түліктей және материалдық (қатты отын, есік, терезе, киім және т.б) көмек берілді.
Кәсіпкерлердің және демеушілердің көмегімен 50 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілген.
Атап өтер жайт, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобаға сәйкес 9 азамат қайтарымсыз грант алып, өз істерін бастады.
Ауылдағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту аясында жыл басынан 41 азамат уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, оның 6-ы — жалғызбасты ана, 10-ы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы екен.
Ал Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 3 бағыты бойынша жұмыспен қамту шаралары төмендегідей:
№ | Бағдарламалар | 2023 жылы жіберілгендер |
1 | Тұрақты жұмыс | 21 |
2 | Ақылы қоғам | 41 |
3 | Жастар практикасы | 15 |
4 | Мүгедектер | 3 |
5 | Жаңа жұмыс орындары | 12 |
Коммуналдық шаруашылық саласы бойынша да ауылдық округте әжептәуір тірлік тындырылған. Мысалы, электр энергиясы және жарықтандыру бойынша. 2023 жылға Оранғай ауылындағы Тастақ көшеcіне 1 трансформатор орнатылыпты. Бостандық елді мекені Құсшы ата көшесіне Кентау электр желілері тарапынан 1 дана трансформатор орнатылып, бағаналар ауыстырылған екен.
Ауыз суға тоқталсақ. Бостандық елді мекеніндегі Тоған көшесіне ауыз су жүйесін жүргізу жұмыстарына 45 миллион жоба-сметалық құжаттары жасақталып, қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Жол саласына келсек. Оранғай-Қосқорған тас жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары жасалуда.
Оранғай ауылдық округі Бостандық елді мекені М.Қазыбеков көшесінің құрылыс жұмыстары басталды. Оранғай елді мекені ішкі көшелерге Қосқорған, Оранғай елді мекендерінің 7 көшесіне демеушілер есебінен 48 ауыр жүк көлігімен (1200 текше метр) тас төселді.
Бұдан бөлек қылмыспен күресу және оның алдын алу хақында да айта өтейік. Ауылдық округ бойынша 1 учаскелік-инспекторлық тірек орналасқан.
2023 жылы 9 айда 67 әскер қатарына шақырылушыдан 5 азамат әскер қатарына алынды.
Спорт саласында қандай ілгерілеу бар? Оранғай елді мекенінде 2022 жылы Көпсалалы жабық спорт кешені салынып, «Спорт клуб» ашылып, пайдалануға берілді, жобалық құны 228300000 теңгені құрайды, инвестор «Самұрық Қазына» болып табылады. Мұнда 14 штат ашылып, 6 жаттықтырушы, 7 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Спорт кешенінде қазақ күресі, дзю-до, бокс, еркін күрес, футбол, волейбол секциялары жұмыс істеп тұр. Спортшылардың саны – 198.
Ай сайын жастар арасында футболдан ауылдық округ чемпионаты ұйымдастырылады. Ауылдың жастары дойбыдан республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Қазақстан Республикасының Конституция күніне арнап ауылдық округі бойынша жастар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылыпты.
Мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға келсек, округ бойынша 1 клуб, 3 кітапхана орналасқан. Оранғай ауыл округінде 2023 жылы 39 мерекелік–мәдени іс-шаралар атқарылады деп жоспарланған.
Сөз соңында Оранғай ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді де назарларыңызға ұсына кеткенді мақұл көрдік. Санамалап көрейік.
- Бостандық елді мекеніндегі Кентау-Түркістан автожолына жолаушылар өтетін жерге бейнекамера орнату.
- Бостандық елді мекеніне Түркістан көшесі /Ст Оранғай/ жақтан келетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
- Қосқорған ауылы Оранғай көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру.
- Оранғай ауылы Түркістан көшесіне, Тәуке хан көшесіне, Темірлан көшелеріне электр бағаналары мен жаңадан трансфарматор қою қажет.
Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Жұмахметұлы тізбектеген мәселелер осы болды.
Еске салайық, Оранғай ауыл округі нің орталығы – Оранғай ауылы. Қарасты елді мекендері — Оранғай, Бостандық, Қосқорған. Халық саны — 8022 адам.
Округтің жалпы жер көлемі — 47579 гектар. Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жер — 16742 гектар;
суармалы жер — 3052 гектар;
шабындық жер — 284 гектар; жайылымдық жер — 13406 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Ұсақ мал |
1 | Оранғай | 11 | 286 | 1774 | 29199 |
2 | Қосқорған | 190 | 1628 | 9330 | |
3 | Бостандық | 48 | 122 | 794 | 3654 |
Барлығы: | 59 | 598 | 4196 | 42183 |
Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:
№ | Елді мекен | Ветеринариялық станция лар | Ұсақ малдарды шомылдыру орындары | Жасанды ұрықтандыру пунктері | Биотермиялық
шұңқырлар |
1 | Оранғай | 1 | 1 | — | — |
2 | Қосқорған | 1 | — | — | — |
3 | Бостан- дық | — | — | 1 | — |
Барлығы: | 2 | 1 | 1 | — | |
«ANYQ.KZ»-ақпарат.