Түркістан облысы: Сауран ауданының орталығында саябақ салынбақ

Аудан орталығы Шорнақ ауылынан 0,8 гектар аумақта саябақ салынбақ. Жобалаушы мекеме — «NS PROJECT» ЖШС. Демалыс орнында тұрғындардың таза ауда серуендеп, салауатты өмір сапасын жақсарту бағытында толық мүмкіндіктер қарастырылады.

Саябақтың негізгі тұжырымдамасы тұрғындардың көгалда демалу бағытында жобаланған. Онда жүгірушілер мен велосипедшілерге арналған арнайы жолақтар, жарық шамдары, көлік тұрағы, жаттығу алаңдары мен картинг фудкорттар мен беседкалар салынады. Аумақтың көп бөлігіне ауа райына икемделген көшеттерді көптеп егу қарастырылған.

Қазіргі таңда жариялауға қажетті құжаттары рәсімделуде. Жеңімпаз анықталғаннан кейін құрылысы басталады.

Құрылыс демекші, ауданның әкімшілік іскерлік орталығынан 38 гектар жер бөлінген. Бүгінгі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Бүгінгі таңда ауданда 1 333 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Бюджеттік мекемелерде қызмет жасайтын 358 азамат  өзге аудан және қалалардан келіп жұмыс істейді.

Азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында 2 көпқабатты 24 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin