Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі тұрғындардың жеке мәселелеріне ұдайы құлақ түреді⠀

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесін тыңдады. Қабылдауға тиісті бөлім басшылары қатысты. Аудан әкімнің жеке қабылдауына ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді.

Мәселен, Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтүйін елді мекенінің тұрғыны Ырысбай Айтуғанов ауылдық округтегі 28 гектар суармалы жерді тұрғындарға қайтаруды сұранса, Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғыны Адай Құсайын 20 гектар суармалы жер телімін басқа азаматтардың иеленіп кетуіне байланысты сотқа талап арызбен жүгінуге жер телімінің құжаттарын түгелдей алмай жүргенін жеткізді.

Ал Шорнақ ауылдық округіне қарасты Ыбырай Алтынсарин көшесінің тұрғыны Шүкірхан Жакеев аудан орталығына спорт мектебін ашу керектігін және ауыз су мәселесін көтерді. Ал, Бабайқорған ауылдық округіндегі Игілік ауылының тұрғыны Үміт Шанаева ауылда ауыз судың және интернет байланысының жоқтығын, ауыл шаруашылығына мақсатына арналған жер телімін алу үшін конкурсқа қатыса алмай жүргендігін айтты.

Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғыны Пазылхан Касимов ауылдық округтегі Тұлпар көшесінде орналасқан тұрғын үйіне қатынайтын жол мәселесін алға тартса, Бабайқорған ауылдық округіндегі Игілік ауылының тұрғыны Ережеп Құрғамбаев ауылдағы «Мес ата» мазаратына баратын жолды жарықтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, жол төсеп беруін жеткізді.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin